Get Mystery Box with random crypto!

ТҰМАУ (ОРВИ) КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР ⠀ ОРВИ кезінде шұғыл | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ТҰМАУ (ОРВИ) КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

ОРВИ кезінде шұғыл дәрігерге қарататын немесе жедел жәрдем шақыру керек жағдайлар болады.

Жаман жаңалық- жиі кездесетін ауруларды емдей алмайсыз. Себебі, балалар өздері сауығып кетеді. Бұл- жақсы жаңалық . Ал, сіз тезірек сауығуы үшін жағдай жасайсыз: көбірек сұйықтық беру, күштеп тамақтандырмау, таза ылғалды ауа, пассивті шылым шегуді болдырмау.

Ең бастысы қауіпті белгілерді жіберіп алмау керек.

Мына симптомдар болса, дәрігерге 12-24 сағат ішінде бару керек:
- 3 күннен артық 38С жоғары дене қызуының көтерілуі;
- дәрінің көмегімен түсіп, қайтадан дене қызуының жоғарылауы;
- жалпы жағдайының нашарлауы;
- қиын тыныс алу ( одышка);
- дем алу кезінде сырыл пайда болуы(хрипы, свист);
-жиі құсуға дейін апаратын приступты жөтел;
- құлақ, тамақ ауруы ( түнде ЛОРды іздемей-ақ ауырсынуды басатын дәрі беріңіз, ал таңертең дәрігерге барсаңыз болады;
- ОРВИмен бірге бөртпе, құсу немесе іш өту пайда болса.

Тез арада Жедел жәрдем шақыру керек жағдайлар:
- бала ояу кезінде сандырақтаса;
- қозғалыстың(координацияның) бұзылуы;
- судорога (тырысулар);
- айқын ауажеткіліксіздігі( удушье);
- дене қызуының 40С болса, дәрі бергеннен кейін түспесе;
- басқан кезде ағармайтын бөртпенің пайда болуы;
- бас пен іштің қатты ауыруы;
- суды аз не мүлде ішпесе;
- қан кетулер( мұрын, ауыз, ішек);
- баланың әдеттегіден жағдайының нашарлауы.

Сіздің балаңызда мұндай белгілер болмауын тілеймін . Алайда, біліп жүргеніңіз дұрыс деп ойлаймын .