Get Mystery Box with random crypto!

БАЛА ҚАШАН ОТЫРУ КЕРЕК? ⠀ Мен-дәрігер ғана емес, анамын. Ата-а | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛА ҚАШАН ОТЫРУ КЕРЕК?

Мен-дәрігер ғана емес, анамын. Ата-анасына баласының пайда болған әр қызығы-үлкен қуаныш. Алайда, кейде шыдамсыздық танытып: "Қашан отырады?","Еңбектемей ма?","Анау Жеңістің баласы 10 айында жүріпті.Қашан жүрер екен?" деген сияқты әңгімелер айтылып жатады.

Шындығына келгенде әр баланың дамуына жеке дара қараған жөн. Кейбір балалар 6 айға қарай отырып үйреніп кетсе, кейбіреулер 7-8 айда үйренеді. Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 6-9 айда отырып үйренуі қалыпты.

Баланың артына жастық тіреп отырғызып үйрету дұрыс па?

Болмайды.Себебі, баланың омыртқасына күш түседі.

Баланы отырғызып үйрету үшін не істеген дұрыс?
Ол үшін арқа мен іш бұлшықеттерін жаттықтыру қажет. Ол үшін баланы шалқасынан жатқан күйінде екі қолынан ұстап, алға қарай тартасыз, отыруға дейін жеткізбей қайта жатқызасыз. Осылай күнделікті жаттықтырасыз.

Ертең сторизде қалай дұрыс жаттықтыруға болатынын көрсетемін.

Сіздің балаңыз неше айында отырды?