Get Mystery Box with random crypto!

Горшокқа баланы қалай үйретуге болады? ⠀ Негізі дұрыс үйрет | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Горшокқа баланы қалай үйретуге болады?

Негізі дұрыс үйретілген балалар 1ж8 ай дегенде өздері горшокқа сұрануды біледі.

Менің өз балаларым осы уақытта 1жас 8 айда уже горшокқа өздері отырып үйренді.

Мен бала 3 айға толып, ет жинағанда белін бүкпей тосам.Ал 6 айдан асқан соң смело белін бүгіп тосам. Уже 1 жастан түнде памперс кигізбеймін
Ол үшін не істеу керек

Ең бастысы: бала кішетіп қойса ұрыспау,ұрмау, кедергі жасамау

Пайғамбарымыз (с.а.у) бір өсиетінде кішетіп қойған балаға кедергі жасамауды,ұрып-соқпауды,ұрыспауды өсиет еткен.

алдын-ала горшок сатып алу керек. Ең бастысы қарапайым, ыңғайлы болғаны дұрыс.
Сосын горшокқа жиі-жиі отырғызып, баланың есін шығармаңыздар, до того горшокты көрсе жылайтындай дәрежеге жеткізбеңіздер.Мен ондай адамдарды көргем, анау баланың есін шығарып 5 мин сайын отырғызадыенді

Егер үйде үлкенірек балалар болса, солармен бірге отырғызу. Егер балалар жоқ болса, баласы бар үйге қонаққа барып тұрыңыздар
Сосын айту керек, сол отырған баланы көрсетіп: "Қарашы, Әли, молодец! Пи-пи болды"- деп шапалақтау керек.

Аю ойыншықты горшокқа отырғызу керек, дұрысын айтқанда ойнау керек. Тоже солай шапалақтап, пи-пи болғанына қуанып .Баланың көзінше аюға түсіндіру керек, неге горшокқа кішету керек екенін. Соңында шапалақтап, мақтапаюды, астын сүртіп. .осылай аптасына 2-3рет істеп тұрыңыздар

сосын дауыстап айту керек, мысалы,үйдегілердің біреуі дәретке кетсе, пи-пи болуға кетті деп айтып отырған дұрыс.

Менің балаларымның бәріне шапалақтау әдісі көмектесті. Кейбіреулер айтады, бала соған үйреніп алады деп. Ол қып-қызыл өтірік
Кейін өзі отырып үйреніп алған соң ұмытып кетеді. Проверено

Әрине, бұл уақытқа дейін арасында болсын тосып үйрету керек.

3 жағдайда өте тез үйренеді

Ұйқыдан тұрған кезде
тамақ ішіп болған соң
даладан қыдырып келген соң
Осы жағдайды 1 жастан асқан балаларға қорықпай қолдана берсеңіз болады.

Сіз қалай үйреттіңіз?