Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-21 17:47:00 Біреудің ала жібін аттамасаң,
Жалпақтап, жалғандықты жақтамасаң,
Үйір боп жақсылық пен әділдікке,
Кекшіл боп біреуге кек сақтамаң –
Нағыз адам болғаның!

Дүние, пайда қуып желікпесең,
Әрқашан жақсы адамға еліктесең,
Құрметтеп ата-баба өткендерін,
Басыңды ерліктерге иіп келсең –
Нағыз адам болғаның!

Өнердің өзің көзін аша білсең,
Өнермен өршеленсең, таса білсең,
Жаманның жалғандығын, зор кеудесін
Секілді нағыз батыр баса білсең –
Онда асыл болғаның!

// Шәкура Әліп - Балаларға
184 views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 18:17:34
Темір Мыңжас. "Қамшы" әңгімесі
1.1K views15:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 17:19:00 Жыр тапқаным болмаса осында кеп,
Санама сыймас ойлар басымда көп.
Кең пейілі тарылған тас қалада,
Мына менің, шынында, досым да жоқ.

Көңілім не алапат кешкен деме?
Бір өксік мұң жиналар бос кеудеме.
Адамдарды жазғырып қала бердім,
Сірə, дəтім бармайтын дос деуге де.

Дос іздеймін ұғатын сырымды іштен,
Қоятұғын қашан да құнымды үстем.
Қарақтаған достардың қажеті жоқ,
Қажетсізге қиын ғой күнің түскен.

Сыр тапқаным болмаса осында кеп,
Санама сыймас ойлар басымда көп.
Адамдары мейірімсіз бұл қалада,
Шынымды айтсам, бұл күні досым да жоқ.

// Оралбай Мырзақұлов - Досым да жоқ
278 views14:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 17:47:00 Адалмын деп ойлайды барлық пенде,
Бекімейді адалдық жарлықпен де.
Өз пайдасы деңгейін тапса болды,
"Мен адалмын!"– деп шығар халық кем бе?..

Адалдығым – біреуді тонамасам,
Жала-жылан мойынына орамасам.
Бірді бірге ұтылап жыға бермей,
Дау-дамайға бармасам тым орасан...

Сол деп ойлар парызы адалдықтың,
Жібермесе болғаны обал ғып тым.
Өзгесінде өмірдің ісі де жоқ,
Шешеді деп ойлайды қоғам мықтың.

Обал, сауап – әр адым, әр ісінде,
Жауаптайды ол жасын да, кәрісін де.
Жақсы лепес... адамдар бір-біріне –
Сұхбаттасып ем берер дәрісінде.

Көңілдердің келіссе ізгілігі,
Жақындардың жарасса жүз қылығы:
Адалдықтың парызы өтелгендік,
Турашылдық танытса сөзде ұлығы.

Жем қылмаса біреудің жаңылғанын,
Бітей жүрсе дос көңіл жарылғанын.
Нашарларды көмегі нысана ғып:
Тілесе ердің жаладан арылғанын;

Халқы үшін қырағы қызғыш болса,
Қаталдықтың қылауын бұзғыш болса;
Ер жігіттің екпінін түзу етіп,
Әділдікті өзгеден сезгіш болса!

Сонда ғана адалдық айқындалар,
Қияметтей күресі ай-күнді алар.
Адалынан атқарған ісің болса,
Адамдықтың бойына сай құндалар.

Ақиқатқа жүгінсек – адалдықты
Өзі айтпайды, болса да адам мықты.
Жұрт көзінде тұрады айқындалып,
Сен көрсет тек бұл жолда табандықты.

// Нұрғожа Ораз - Адалдық
333 views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 17:42:00 Қорқамын мен, анашым,
Сезімді түсінбейтіндерден,
Бар нәрсеге жетеді күшім дейтіндерден.
Махаббатты аяқпен таптап тұрып,
Істеп жүрген дұрыс қой ісім дейтіндерден.

Қорқамын мен, анашым,
Жаныңды жаралайтындардан,
Дос боп тұрып сыртыңнан табалайтындардан.
Өтірік пен өсекті жағалайтындардан,
Мен қорқамын өлшемін ұят пен ардың,
Байлықтан төменірек бағалайтындардан.

Қорқамын мен, анашым,
Ғаламды зияндайтындардан,
Зұлымдықты істеп ап ұялмайтындардан,
Жақсылықты жақынға қия алмайтындардан,
Мен қорқамын көңілі тар болғаны үшін,
Мына кең дүниеге сыя алмайтындардан.

Ұнатамын, анашым,
Жаттықты білмейтіндерді,
Жамандықтың маңынан жүрмейтіндерді.
Өзгелердің ұялып қылығына,
Өмірді тек өзі үшін сүрмейтіндерді.
Адалдықтың сөнгелі тұрған отын,
Адамдықтың бағы үшін үрлейтіндерді.
Ұнатамын, анашым!

// Айнұр Жаппарқұлова - Анама сыр

@adebiett
43 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:24:33 Елена Әбдіхалықова - Қазақ едім дегенше (әні мен сөзі Т. Досымов)
37 views03:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:23:51 ​​Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,
Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет – үш арысты бір түнде,
Арамыздан ап кеткен «Үш әріппін» десеңші.

Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші,
Самара асқан составпен астық едім десеңші.
Өзіме өзім, дүние-ай, қас қып едім десеңші,
Қырып салған халқымды аштық едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, нар едім ғой десеңші,
Бақ дәулетті шашуға бар едім ғой десеңші.
«Кемелденген кездерде» елу миллион болып,
Құла түзде мыңғырған мал едім ғой десеңші.

Қазақ едім дегенше, дарын едім десеңші,
Әуелетіп «Айдайға» салып едім десеңші.
Бойдан қуат кеткенде, ұл қызыммен қоштасып,
Қарттар үйі алдында қалып едім десеңші…

Қазақ едім дегенше, өліп едім десеңші,
Басындағы әркімнің бөрігі едім десеңші.
Шәкәрімдей шыңырау тектілерді шыңғыртып,
Алпыс жылдай архивке көміп едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші,
Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші.
Мың жылда бір туатын Мұқағали секілді,
Алыбымды «абайсыз» өлтіріп ем десеңші.

Қазақ едім дегенше, нағыз едім десеңші,
Шаш-етектен талайға қарыз едім десеңші.
Қолым «қышып» кеткенде, ер азамат үстінен,
Астанаға жазылған арыз едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, дінсіз едім десеңші,
Қазақ едім дегенше, құнсыз едім десеңші.
Өзбегіңе мал сатып, шашлығын сыраға,
Қосып жеген дүние ай, мұңсыз едім десеңші.
Қазақ едім дегенше…

// Табылды Досымов – Қазақ едім дегенше

@adebiett
43 views03:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 18:21:00 Қанағат ет азға болсын, көпке де,
Өкпелеуге тұратынға өкпеле,
Жарымайды ешқашанда сараң бай,
Сондықтан да болмаса да «жоқ» деме.
Асып-таспа, алды-артыңды ойлап бақ,
Əзəзілге еріп кетпе ойнақтап,
Періштеге шайтан бірге ілесіп,
Қалмайды екен қыр соңынан шойнаңдап.
Жаныңдағы жақыныңды жат көрме,
Байлық деген қалып кетер бақ – көрме,
Маңдайынан сипап жесір-жетімді,
Диуананы шығар сыйлап ақ төрге.
Ниетіне қарап берер əркімнің,
Қамын ойла, тірегі бол халқыңның,
Іштарлықпен, ішіп-жеудің жолында,
Арзандатпа құнын парыз-парқыңның.

// Жадыра Дәрібаева
155 views15:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 17:41:00 Қос жанарда тұрады арай кілкіп,
қадалмайды, жалт етіп қарайды үркіп.
Сұқтанады сан көздер сұлулыққа,
талықсиды қағылмай талай кірпік.

Ақша бетке жарасып пісте мұрын,
балғын жүзден мөлдіреп іштегі нұр,
бала мінез, пәк көңіл тамсандырып,
деседі іштей жігіттер: ―Түс пе мұным?!

Жұмыр кеуде жарасып иықпен тік,
тұр талдырмаш денесін биіктетіп.
Жалғыз жатыр жотада қара бұрым
нәзік белге кей-кейде тиіп кетіп.

Қынай белді көйлегін етегі кең,
қуыршақтай қомпитып кетеді жел.
Ақ маржандай тізілген сұлу тістер
көмкеріліп алқызыл екі ерінмен.

Шыдам жетсе, жігітім, қызбай қара,
қадалсаң да, тоймайсың, жүз қайтара.
Мынау дала жердегі жұмақ болса,
періште деп дәл осы қызды айтады, ә!

// Фариза Оңғарсынова - Ауыл қызы (1969)
145 views14:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 17:45:00 Сенім керек –
Үмітімнің шырағы,
Көріп тұрып, білгім келіп тұрады.
Жылдарды емес, табиғаттың әр кезгі
Мезгілдерін сүргім келіп тұрады.

Қиял керек –
Арманымның бұлағы,
Бақытыма сенгім келіп тұрады.
Жаратылыс құпиясын білуге
Барлық затқа енгім келіп тұрады.

Өмір керек –
Жаратқанның сынағы,
Құлап жатып, тұрғым келіп тұрады.
Мен тағдырдың адастырған соқпағын
Ақиқатқа бұрғым келіп тұрады.

Ілім керек –
Сана-сезім жұмағы,
Аппақ нұрға толғым келіп тұрады.
Мен пейіште әр қазақтың баласын
Көргім келіп тұрады.

// Ақберен Елгезек - Тілек
163 views14:45
Ашу / Түсініктеме