Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-03 17:24:15 Жұбаныш Жексенұлы - Сүймегендер сағынбайды
422 views14:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 17:22:37
Мұхтар Шаханов - Сүймегендер сағынбайды
410 viewsedited  14:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 17:24:00 Мұхтар Шаханов - Арман
467 views14:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 17:23:00 ​​Ерте, ерте, ертеде Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.

Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқыды, бірге ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет.

"Таңдайымыз өрісті оймен татымақ",
Деп қуана езу тартты атырап,
Ал дарындар медресені тауысты
Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ.

Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,
Екеуіне қараған жұрт сүйсінді,
Отырардың болашағын көргендей

Отырарда жаны жайқын дария,
Ойы безбен бар еді бір қария.
Сол қария бір күні екі шәкіртті,
Қүрметпенен өз үйіне шақыртты;

- Балақайлар, балапандар, көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім,
Туған жан деп өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.

Мен де танып білсем деп ем, Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге?

Қане, Дойыл, сен айтшы? Дойыл айтты:
- Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпен де, ар мен де.
Жалын иі ашса өнерімнің өрнегі
Сонау Йемен, Мысыр, Бағдад елдері
Түгел танып жыр ететін тандана,
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай,
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек қой.
Қаншама елмен сауда-саттық жасауға
Соншама елдің тілін білу керек қой
Табу үшін жұрт таппаған айланы,
Көру үшін жұрт көрмеғен пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,
Өнер қажет, білім қажет сол үшін.

Қарт күрсінді:
- Ұлым, желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың?
Барымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?

Бірақ Дойыл тұрып алды паңдана:
- Арманымды өзгерте алман, жан баба!

- Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды,
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды -
деп қария Дойылмен бір отырған
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды.

Әбу айтты:
- Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса пешенемнен көрермін.
Мейлі мәңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.

Қарт жымиды:
- Бәрекелде, жаз жайраң!
Көл болмаса тояттайды қаз қайдан?!
Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,
Бірің, міне, еттің лезде мәз-мейрам.
Бірің үшін күрсінумен өтермін,
Бірің үшін сүйсінумен өтермін,
Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін.
Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім,

Ал жарайды, батам осы, барыңдар,
Отырарда туған ұлы дарындар!
Әжуасын әжіміне жасырып,
Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып,
Жалын еді-ау арманы айқын,
өр көңіл,
Екі досты екі арнаға бөлді өмір.
Дойыл солай өзгертпеді шешімін,
Дәулет оған жылдам ашты есігін.
Өнері асқан саудагердің көп өтпей
Бағдад, Мысыр түгел білді есімін.
"Есепсіздің несібесі озар ма?"
Әйелін де баулыды ол со заңға,
Қонаққа арнап асылатын етті де
Өзі салып беріп жүрді қазанға.
Тек байлыққа деген жұтаң сараңдық
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Міне осылай жазық дарын, жас тұлға
Ұшырады әбілетті тозғынға.
Саудагерді өзге түгіл өзінің
Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда.

Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын,
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз - біздің ұлы бабамыз
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.

МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА.

// Мұхтар Шаханов - Арман

@adebiett
502 views14:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 07:55:04
Мұхтар Шаханов
474 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 06:41:00 Мұхтар Шаханов - Ғұмырымыз сан үміттен тұрады
440 views03:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 06:40:00 ​​Ғұмырымыз сан үміттен тұрады,
Сан күдіктен тұрады екен, тәңір-ау.
Кімнің қанша керең болса құлағы,
Секілді оған бүкіл дүние саңырау.

Өмір шіркін кейде жомарт қолменен,
Сараңдардың шайына сүт қатады.
Кейде қызық, тұлпар жүрген жолменен,
Есектер де кетіп бара жатады.

Мұның өзі жомарттыққа сия ма,
Қыран неге тартады өзін төменге?
Намыстанам, бүркіт ұшқан қияда
Жапалақтың ұясы бар дегенге.

Бақыттылар салған әнді ертемен,
Тұрам тыңдап, мен қашанда ояумын.
Жапалақтар ұя салған өлкеден
Сенің даусың естілмесін аяулым.

// Мұхтар Шаханов - Ғұмырымыз сан үміттен тұрады
501 views03:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 06:09:00 ​​Бүгін қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 80 жасқа толып отыр. Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.

Ақын әкесі туралы былай сыр шертеді. “Анам он үш құрсақ көтеріпті. Менен басқаларының барлығы көз жұмды. Мен үйдің он екінші баласымын. Анам 1912 жылғы еді. Мені 1942 жылы, яғни 30 жасында дүниеге әкеліпті. Ал менен екі жас кіші інім Махамбет ата-анамның кенжесі болды. Мен мектепке барғанда ол да «барам» деп ұмтылды. Бірақ жасы жетпеген соң қайдан алсын? Махамбет сол кездің өзінде өте ерекше қабілетті, мықты бала еді. 6 жасында абайсызда құлап, сан сүйегі жарылған екен. Ол уақытта ауылда дәрігер деген атымен жоқ. Кейін ауруы асқынып, ақыры содан о дүниелік боп кетті. Әкем Шахан Досболов 9 жасымда қайтыс болды. Арғы-бергі тарихтан үлкен деңгейде хабардар, білімді, ескіше оқыған, молдалығы бар адам еді. Небір дастандарды, ертегілерді құлағыма құйып отырды. Бастысы өте таза адам еді. Әкемнің де, менің де туған жерім – Отырар ауданы, Шілік ауылы. Бірақ ол жерден біз ерте қоныс аударып кеттік. Кейін 11 жасыма дейін Төле би ауданының Қасқасу ауылында өстім. Негізі менің бет-әлпетім әкеме келеді. Ол кезде біздің ауылда суретке түсіретін адам жоқ еді ғой. Әкемнің суреті де қалмапты”,- дейді ақын.

Мұхтар Шахановтың анасы Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовты өз ұлындай көрген, екеуі де Шахановтың анасын өз анасындай құрметтеп өткен.

"Алғашқы өлеңімді бала кезімде жаздым, кейін 16 жасымда республикалық газетке шықты. Сол кезде "16 жасар ақын шықты" деп жарияланды. Бүкіл Қазақстан шулады. Елдің түкпір-түкпірінен 400-ден аса хат келді. Екі адам іздеп келді, оның бірі – Шәмші Қалдаяқов, екіншісі – қазақтың дара тұлғалы ақыны Төлеген Айбергенов", - дейді Мұхтар Шаханов.
@adebiett
482 views03:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 09:04:48
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір қаһан шанағына құйған оның қорғасын.

Жалған сөйлеп көрген емес бірақ соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.

Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мақауды сөйлетеді, жылатады кереңді.

Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт,
Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт.

Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы,
Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды.

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!

// Қадыр Мырза Әли - Домбыра
517 views06:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 08:58:11
Өштесіп, біреулерден барымта алмай,
Қаз басып, қанаттасып, қарың талмай,
Жүрсіңдер іні өссе, белін буып,
Қыз өссе, бетін қақпай, өрімталдай.

Жүректі ғашық дерті шымшыласын,
Жеткізе алмай, іштен кіл тұнасың.
Жаныңды шүберекке түйіп қойып,
Қорғауға қорғансызды ұмтыласың!

Қыз көрсең, әлпештейсің ана көріп,
Қонаққа жайыласың дана көріп.
Және де жас баладай тез сенесің,
Біреулер айтақтаса жалаға еріп...

Пір санар сыйлағанды таныса анық,
Тағдырға таласпайды тағы салып.
Қазақтың қандайлығын білермендер
Сендерден тұрса болар дәріс алып.

Бауырмал, кездескенде қауқылдасып,
Иықтан қағып-қағып, мауқын басып,
Момыным күндемейтін біреулерді,
Тұрса да табанымен алтын басып.

Алмайтын алған жауды жағасынан,
Деген бар "үй жақсысы ағашынан"
Асқақтығым, өрлігім – ана жақтан,
Мейірім, кеңдігім – нағашыдан!

Қыстан көктем туады, жібіп лебі,
Сетінейді сеңнің де күдіктері.
Көздеріңнен төгілген шуақтары,
Айналдым-ау, Оңтүстік жігіттері!

// Ханбибі Есенқарақызы - Оңтүстік жігіттері
@adebiett
519 views05:58
Ашу / Түсініктеме