Get Mystery Box with random crypto!

Жазылмай жұбы Жарасып, Біреулер жүрсе Бағы асып, Сыңарын таппа | Қазақ әдебиеті

Жазылмай жұбы
Жарасып,
Біреулер жүрсе
Бағы асып,
Сыңарын таппай әлі күн
Жүргендер қанша адасып?!

Жалқылық болса қонысың,
Жаныңа жалау жоғы шын.
Қарайды саған мүсіркеп,
Адамның бейне қорысың.

Өзгеден ерек дара, шың,
Талантсың ба сен, данасың,
Азаматпысың жаны асыл,
Оныңа кімдер қарасын?..

Қымбаттап
Бір күн
Бір күннен,
Бағасын уақыт білдірген.
Бойымды билеп қорқыныш,
Қалтырап құзда тұрмын мен.

Түбіне тартып құрдымның,
Барады матап
Шынжыр – мұң.
Не деген дәмі ащы еді,
Жалғыздық деген құрғырдың!

// Қатира Жәленова - Жалғыздық