Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-02 17:39:00 «Қазақ» газеті бетінде басталған бұл ұсыныс 1924 жылы Кеңес өкіметі тұсында Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми заң жүзінде бекіді. Съезд арнайы қаулы қабылдап, осы қаулыға қосымша Әлихан Бөкейханұлының «Қағаз бетіне кісінің аты-жөнін жазғанда, орысшаға еліктеп әкесінің атына «ов» деп қосып жазу қалсын», - деген ұсынысы да талқыланды.

Жарыссөзде сөйлеген Омарұлы Елдес Әлекеңнің ұсынысын құптады. Сонымен, құрылтай аталмыш заңның күшіне енуіне шешім қабылдады.

Онда қабылданған қаулының кісі есімі, фамилиясына қатысты тұжырымдалған қысқаша тексі мынадай: «Қазақша жазғанда, сөйлегенде фамилия артынан «ов», «ев», «ин»-дер келмесін. Оның орнына жәй сөйлескенде, жазысқанда әркімнің өз аты қалсын; кітап сыртына немесе ресми қағаздарда, документтерде әкесінің (ұлы, қызы болып), содан соң өзінің аты қойылсын». («Сана» журналы, №:2-3, 1924, 62-бет).

// Мекемтас Мырзахметұлы. «Қазақ қалай орыстандырылды?» кітабынан
1.1K viewsedited  14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:47:00 ​​Сөнбесін деп әулеттің жаққан шырағы,
Үзілмесін деп көңілдің жылы шуағы.
Қыз бенен жігіт сезімдері жарасқан
Отбасы деген мемлекетті құрады.

Кездесер алдан дауыл да, қар да, жаңбыр да,
Ұстасып қолды шығасың бірге сан қырға.
Сәби үнімен, кезектеп ыдыс сылдыры,
Сынға алады төзіміңді тағдыр да.

Балапандарың өседі өніп ұядан,
Қанаттанады, тұғырын іздеп қиядан.
Отбасы деген – тауқыметі көп бір бақыт,
Жанашырлық, махаббат, жылу жия алған.

Отбасы болып, өркендеп,өсіп толасың,
Бағамдап алды, артыңды оймен шоласың.
Балалар өсіп, құда-жегжатпен сыйласып,
Немере, жиенге ата мен әже боласың.

Отбасы деген – бағалы бақыт сен үшін,
Ұғысу үнсіз, сыйластық, бірлік, келісім.
Отбасы деген – әулетің, Әкең, Анашың,
Ұрпағың-Ұлың, қызғалдақ қызың-өрісің.

Тәтті қиял мен асау арманның жетегі,
Отбасы-ғұмыр. Кешегі, бүгін, ертеңгі.
Амандық, саулық, татулық негіз қалаған,
Әр адам үшін, Отбасы-бақыт мекені!

// Меңдігүл Мұханбетжанқызы
163 views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 17:39:00 Өзгелерге өрең түк жетпегесін
Сен өзіңнен басқаны жек көресің.
Өміріңнің барлығын
Басқаларға
Өрмекшідей тор құрып өткересің.

Жетсем-ау деп біреудің түбіне осы
Жемтік көрген қорқаудай жүгіресің.
Әр адамның ішіне
Әлсіз жерін
Білу үшін үкідей үңілесің.

Тарлан көрсең тамам ел тамсанатын
Тас кенедей жабысып қан соратын,
Жақсы істерін жасырып,
Жаңсақ кетсе,
Жалпақ елге түп-түгел жар саласың.

Бір-біріне ешқашан өкпелемес
Туғызасың туысқа кек пен егес.
Хас дұшпанның жасаған жауыздығы
Сенікінің жанында ештеңе емес.

Озбыр ниет ойларда ішің ерге
Сендей қарау емес-ау күшіген де.
Жайсаңдардың қасында көп жүресің
Жақсы болып көріну үшін елге.

Жүрісіңе
«Еш мінсіз» елтігесін
Жұрт тамсанып жүр сырттан көркіңе шын.
Бейдауа ісік секілді,
Адамдарды
Ажалынан бұрын сен өлтіресің.

Бәрі жақсы дегенге жүгінбе құр,
Осындайға кенде емес бүгінде өмір.
Ішке бүккен бармағын, әзәзіл-ай,
Түбіріңмен жұлармын түбінде бір.

// Есенқұл Жақыпбек - Біреуге
160 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 17:50:00 Әр түрлі тілек, мақсат зор болған соң,
Тірлікте сөйлер тілің бар болған соң.
Жігіттер, дер кезінде сөйле де қал,
Күркілдеп отырарсың шал болған соң.

Әр адам өз ісінен шамалайды,
Білмеген дос көңілін жаралайды.
Неше жыл тәрбиелеп асыраған,
Иттер де иесіне абалайды.

// Үкілі Ыбырай
287 views14:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 17:42:00 ​​Қожанасырдың жастай алған келіншегі өз көркіне өзі мəз болып сұлулығымен мақтанады екен, бір күні Қожанасыр əлгі сұлу келіншегімен əңгімелесіп көп отырса керек, қарнының əбден ашқанын бір-ақ біліп, келіншегінен нан сұрапты.

Келіншегі Қожанасырға:
– Нан жеп қайтесің, менің бетіме қарап қана отырсың, қарның тойғаны, – депті.

Қожанасыр:
– Сондай екендігінде дау жоқ. Бірақ, сұлулығың божып кеткен екен, жүрегімді қыжылдатып барады, нан батырып жемесем басылмайтын сияқты, – депті.
111 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 17:15:47 Алматының кеші еді, күн тұнық,
Осы кеште жатыр қанша сыр тұнып.
Кештеу қайтқан кезім еді, жұмыстан,
Ағылысқан автобусқа ұмтылып.

Тарихынан тағы бір күн еңсеріп,
Шаршаған жұрт, қалғып-мүлгіп, теңселіп.
Қартаң ана, ортада тұр, орын жоқ,
Қалың ойлар дидарына өң беріп.

Дəл жанында бір орынға мінгесіп,
Жігіт пен қыз отыр еді тілдесіп.
Бірін-бірі жеп қоярдай сүйісті,
«Бұлары несі, ұяттан безген кім» дестік.

Қартаң ана, жерден басын ала-алмай,
Жөткірінді, оған бірақ қарамай,
Махаббаттан басы айналған қос бейбақ,
Аймаласты, ағаттыққа баламай.

Ұят болды-ау, жандар едік санатты,
Ессіз жастар, елді жерге қаратты.
Автобустан түсіп жатқан қарт-ана,
Бұл қоғамға қарғыс айтып баратты…

Кетпей қойды, сол ұятты күн көңілден,
Сезім орын алар жүрек төрінен.
Автобуста елді жерге қаратқан,
О, махаббат, сен осындай жеңіл ме ең?!

// Мехнат Теміртасқызы - Алматының кеші еді, күн тұнық...
198 viewsedited  14:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:47:00 ​​Бәрі әншейін екен ғой, шын сүйгенім
Жүрегімді шын сезім шымши менің
Маза бермей қойғаны, қорласаң да
Өр басымды өзіңе мұнша игенім.

Көл қорыған қызғыштай тілектерім,
Көрмегенде толғаны жүрекке мұң.
Сені жаман дегенді жаман көріп,
Шоқ басқандай болғаным, шыр еткенім.

Неге сонша арланбай төмендедім,
Көгермеді сезімдер көгендегі.
Қандай еді мақсатым
Мәңгі-бақи
Жалғыз жанды сүйемін дегендегі!

Бәрі әншейін екен ғой, оны ұғамын,
Азап кешіп, ойлармен арығаным,
Бір жақсы түс көрсем де, өзіме емес,
Сенің жолың болғай деп жорығаным.

Жерге басып осынша ойымды асқақ,
Сен өмірде өзгеше ойын бастап,
Кете бардың шексіз сол махаббатты
Өткінші бір күндерге айырбастап.

Бәрі әншейін екен ғой, шын сүйгенің...

// Күләш Ахметова
74 views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 17:41:00 ​​Есіңде ме, (Тек қана сезіктенбе.)
Алғаш рет өзіңе кезіккенде,
Тұр екенсің құрбыңмен
Көңілді едің,
Жақын бардым жайыңды сезіп мен де.

Мінезің де,
Атың да әсем еді,
Жан екенсің бағы мол пешенелі.
Сені ғана
Тек сені көріп тұрдым,
Ұмыттым да көп жұртты көшедегі.

Жерлес болдық
Ойладым бағым ба деп,
Боп көріндің басқадан жаның бөлек.
Ұзап кетер қасыңнан жол таппадым,
Тірелгендей буалдыр сағымға кеп.

Жатсынбадың
Мүмкін ол ашықтығың,
Жан деп білдім ұғардай ғашық тілін.
Сен сөйледің,
мен жиі күмілжідім,
Қысылғаным,
Жоқ әлде жасықтығым.

Тез ұғыстық,
Тағдырдың сыйы болар,
Мен боп алдым қонағың жиі барар.
Қайтқың келсе,
қайтармай
қыдыртушы ем,
Қолайлы бір кез таппай сүйіп алар.

Иә, ақыры сәтті кез безінбеді,
Қоя берді құрсаудан төзім мені.
Ұзақ тұрдың бір түні
Таң атқанша,
Таң атқанша сол түні көз ілмедік.

Содан кейін мен сені жиі аңсадым,
Жиі аңсадым шарықтап қиял – сағым.
Бірте-бірте батыл да болып алдым,
Болып алдың сен менің ұялшағым.

Кеудемізде бір асау ағыс туды,
Кетіп жүрдік бетке алып алыс қырды...
... Уақыт бізді осылай таныстырып,
Бақыт бізді осылай табыстырды.

// Ибрагим Иса
146 views14:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:42:00 Кез келген қазақ жазушысының шығармаларынан (əсіресе, тарихи тақырыпта жазылған Есенберлин, Кекілбаев, Мағауин, Жұмаділов романдарынан) қазақтың көне сөздерін көптеп табасыз. Қазақтың күнделікті тұрмыс-салтына, жер бедеріне, мал шаруашылығына, туыстық қарым-қатынасына, этнографияға, қолөнеріне, санаға, дүниетанымына байланысты ұғым-атаулар санында, Құдай біледі, шек жоқ. Жылқы мен түйеге қатысты сөздердің өздері жүздеп саналады. Киіз үйдің төңірегінде жүз сөз табылып қалады (Еуропа тілдерінің ешқайсысында, əлбетте, оның біреуі де жоқ. Киіз үйдің өзі болмаған соң, олар қайдан болсын?). Ұсталық өнер жайында қаншама сөз бар! Зергерлік атаулар қаншама! Бір ғана «вид» деген сөзге қазақтың 26 синонимі бар. Бір ғана сырғаның қазақта 20-30 түрі табылады. Бір ғана пышақтың ұшы, қазинегі, кежегесі, ілдірігі, жүзі, сағасы, алқымы, жемесі, сырты, сақинегі, құрсауы, дүмі, шығыршығы, болатынын марқұм Дəркембай ұста жазып та, суретін салып та түсіндіріп еді. Байыбына барып ойлансаңыз, аузыңызды ашып, жағыңызды ұстайсыз. Бұл байлық қолданыстан шығып, ұмытылып барады. Обал ғой, обал!

// Герольд Бельгер
121 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 20:23:21
Жалғыздық жүрекке ауыр, көңіл құйын,
Бөлісер кім сенімен өмір сыйын,
Мен білдім, достарыңнан шеттеу қалып
Сенімсіз күн кешудің қиындығын.

Тарқамас көкейде арман, көңілде мұң
Қасірет - сүйіктіңнен бөлінген күн,
Ал бірақ қастерлейтін асыл сезім
Тимепті үлесіне көрінгеннің.

Азап-ау өтсе адамға сенбей күнің,
Таппаймыз бұл тірлікте өлмей тыным,
Мен ұқтым, шын дос болу, ақ жарылу
Қолынан кез келгеннің келмейтінін.

// Ақұштап Бақтыгереева - Мен ұқтым
61 views17:23
Ашу / Түсініктеме