Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-06-28 17:25:00 ​​Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы, өзің қалай тұрсың? – дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.
Қырғауыл:
— Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.
Түлкі:
— Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл:
— Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі:
— Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.
616 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 12:56:07
653 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 18:20:00 ​​Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін.

Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмық жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай,
Білгені - қазан ошағы.
Жабайы ғана жарым бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол жарымды сүйемін!

Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол елімді сүйемін!

Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс-ақ кебін, жаз – сыры.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахрасы.
Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол арқамды сүйемін!

// Мағжан Жұмабаев - Сүйемін
822 views15:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 17:25:00 ​​Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты -
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар-балапан,
Жайылып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер -
Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды Алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!

Қажу барма тұлпарға,
Талу барма сұңқарға,
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті Құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!

// Мағжан Жұмабаев – Мен жастарға сенемін
677 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 06:09:00 ​​Бүгін қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны – Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келген күні. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Бекен өжет, өте пысық еді. Қоянды базарына жиі қатынайтын. Сол ұзын жолда ыңылдап өлең шығарады екен. Отыздың бел ортасында елге билік айтуға қолы жетті, болыстыққа сайланды.
Анасының есімі – Гүлсім. Гүлсім – Қызылжарда тұратын керей Әшірбек (Әшірбектің ағасы Құрманбайдан Мағжанның болашақ әйелі Зылиха туады) деген саудагердің қызы. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.
616 views03:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 17:25:00 ​​Сені көретін күн келсін деп,
Қолымен кәусар суын берсін,- деп.
Аңсағаным – сен барсың,- деп,
Үміттенемін.

Тереңдігіңе тәнті боламын,
Сенсіз өткен бе, жарты ғаламым.
Сен болсын,- деп, жерді шарпыған әнім,
Үміттенемін.

Сен дем бергенде қанатым ұшты,
Жүрек те дертті, жара тым күшті.
Самғасам көріп, жерде жоқ түсті,
Үміттенемін.

Я, Расул, саған ғашық жан едім,
Нұрыңа боялған алау таң едім.
Көріне ме, - деп, сұлу әлемің
Үміттенемін.

// Гүлнәр Шәмшиева - Пайғамбарым с.ғ.с.
133 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 18:40:00 Қожанасыр борлаған қойын сату үшін базарға жетелеп барыпты.
Мал базардағы алармандардың біреуі қойды көріп:
– Қожеке, қойды қаншаға сатасыз? – деп сұрапты.
Қожанасыр оған:
– Мен бұл қойды бес теңге беріп алғамын алты теңгеге сатайын
деген ойдамын, егер алушы шыға қалса, жеті теңгеге сатармын,
қойға бақсам сегіз теңгеге татиды. Егер қойға қызықсаңыз тоғыз
теңге деңізші, он теңгеге бере саламын, – деп жауап беріпті.
160 views15:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 17:39:00
Келдің – кеттің. Нені өзгерттің Әлемде?
Мына Жалған қалар кейін сенен де.
Қыранға ұқсап бір шарықтап көрдің бе,
Жүре бермей құр сөлпектеп төменде?

// Софы Сматаев
@adebiett
158 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 17:29:00 ​​Жұлдыздан жарық жеткенше,
Сағынып үлгердім сені,
Жанымнан тұрып кеткенше,
Сағынып үлгердім сені,
Көбелек қанат қаққанша,
Сағынып үлгердім сені,
Қалалар шамын жаққанша,
Сағынып үлгердім сені,
Бір тамшы тамам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір шырпы жанам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір ойдан қайтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір сөзді айтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Құс ұшып қонам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Қу көңіл қалам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Зарыңды тартам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Жүгіңді артам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Перронға шығам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бәрін де ұғам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Сағынбан енді дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
«Махаббат өлді» дегенше,
Өлтіріп кетші мені!

// Ерлан Жүніс - Сәт. Сағыныш
160 views14:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 17:39:00 Сәттерімде көктен сауға сұраған,
Сәттерімде жұбана алмай жылаған,
Сақтау үшін, ойдан, мұңнан, күнәдан.
Бейуақытта маған ессіз ұнаған,
Сен аман бол,
Мен сүйетін бір адам!

Ғаламымнан мыңға жұмбақ көрінген,
Аспанымнан кермиық боп керілген,
Жазмышымнан маған сый боп берілген,
Жақсы атыңды күбірлейін еріннен,
Сен аман бол, мен сүйетін бір адам!

Ғажайып та,
ғазал да емес, мұң да емес,
Ғайып та емес, ғарыш та емес, жыр да емес.
Жан біткеннен жасыратын сыр да емес.
Адалдықтың жаршысы боп жердегі,
Аман жүрші, әлдилеп мұң-кеудені.
Мені ешқашан сағынбайтын бір адам!

// Толқын Қабылша - Мені ешқашан сағынбайтын бір адам
188 views14:39
Ашу / Түсініктеме