Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-10 05:50:32 Азан шақырып қойған аты – Ибраһим атауына елдің айтуынша, әкесі Құнанбайдың түс көруі себеп болған. Түсінде тобықты руынан шыққан кемеңгер, он сегіз мың ғалам оқуын меңгерген ғұлама — Әнет бабаны көрген. Ол Құнанбайға аян беріп, Ибраһим пайғамбардың атын атапты. Содан Құнанбай баласының атын Ибраһим қойған екен. Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында Абай аталып кетеді.

Абай әкесі Құнанбайдың 41 жасында туған. Ақынның өз шешесі - Ұлжан. Құнанбайдың бәйбішесі — Күнке. Бұдан туған бал асы Құдайберді. Екінші әйелі Ұлжан, Ұлжаннан туған балалары: Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі — Айғыз. Одан Қалиолла, Ысмағұл деген балалары болған. "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтін Абай өлеңінің мәнісі осы. Төртінші әйелі — Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.

Абай Құнанбайұлы ауылдағы Ғабитхан молдадан сауат ашып, 10 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресіне оқуға барған. Мұнда араб, парсы тілдерін үйреніп, дін сабақтарын оқумен қатар Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули, т.б. шығыс классиктерінің шығармаларымен танысады. Медресенің үшінші жылында Семейдегі «Приходьская школаға» түсіп, 3 ай оқиды.

Абай – әлемдік деңгейдегі тұлға, дана ақын, композитор, аудармашы, философ һәм қоғам қайраткері. Қазақ поэзиясын, Абай тұңғыш рет терең философиялық қуатты, көркемдік деңгейі аса құнарлы оймен суарды. Алаш даласына жаңа поэзия қамалын соғып, ой мен суреткерлік тоғысқан кенен бұлақтың тұнық көзін алғаш ашты. Абай есімімен қазақ топырағына философиялық және стилистикалық бағыттағы жаңа поэзия келді. Қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде-кем, идеялық өрістің отын жағу үшін, шоқтанып қалған халықтық сезім мен ұлттық дәстүрді жедел дамыту керек болды. Абай жыры ХХ ғасырдағы реалистік поэзияның биік шыңына айналды. Абай - қашанда халық жағында, ақынның ой алаңында халық - өнердің алтын діңгегі, әлемдегі рухани байлықтың жалғыз қазынасы болып ерекшеленді.

Оның көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ғалам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады. Ол терең ғибратты ой-толғамдарға толы өлеңдермен қатар жастық ауан, ғашықтық сезімді, табиғат көріністерін, адамның жан дүниесін көркем тіл, бейнелі теңеу, психологиялық шендестіру арқылы шеберлікпен, төгілте жырлаған ақын. Ол дәстүрлі қазақ поэзиясына құрылымдық, стильдік және көркемдік тұрғыдан сонылық алып келді. Әсіресе, оның ғақлиялары - «Қара сөздеріндегі» көркемдік шеберлік пен ғылыми пайымдарды астастырған философиялық ой-толғамдары жалпы адамзаттық гуманистік-әлеуметтік мұраттарға ұласып жатады. Абай - қазақтың музыкалық өнеріне де мол мұра қалдырған тұлға. «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», т.б. әндері арқылы ұлттық әуен-сазға жаңа түр, тың ырғақ, өзгеше өлшем қосты.
Абайдың мазмұны терең, көркемдігі жоғары өлеңдері мен поэмалары («Масғұт», «Ескендір», «Әзім»), қара сөздері мен аудармалары сан рет жарық көріп, қазақ еліне тарады, көптеген шетел тілдеріне аударылды.

Елімізде ұлы ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында қала, аудан, Семей, Қарқаралы қалаларында, Жидебайда әдеби-мемориалдық мұражайлар бар. Астанада, Алматыда және тағы басқа да қалаларда театрларға, көшелерге ақын аты беріліп, ескерткіштер орнатылған. Абай атындағы шың, асу бар. Сонымен қатар, Абай қоры жұмыс істейді. Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Қазақтың классик жазушысы М.Әуезовтың бас кітабы - «Абай жолы» ұлы ақынға арналған. Бұл эпопея дүниежүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.
55 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 05:50:14
Бүгін ұлы ақын, философ, ағартушы, ғұлама ойшыл, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күні.

Абай Құнанбайұлы қазіргі Абай облысының Абай ауданында туған. Жалпы Абайдың қай күні дүниеге келгеніне байланысты кереғар пікірлер көп. Бірі ұлы ақынды 10 тамызда дүниеге келген десе, енді бірі 23 тамызда туған деген пікір айтады. Дегенмен ақын ескі жыл қайыру бойынша 10 тамызда туған. Ал 1917 жылдан бастап, бұл 23 тамызға сәйкес келеді екен. Бұдан бөлек қазақ зиялыларының туған күніне қатысты кейінгі кездері қарма-қайшы пікірлер көп. Ал хәкім Абайдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық мерейтойлары 10 тамызда тойланғанын да ескерген жөн. Тіпті мектеп оқулықтарында ақын 1845 жылы 10 тамызда дүние есігін ашты деп жазылған.
52 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 17:44:00 Көп емес-ау саған артар міндетім,
Ең оңайы: өзіңе-өзің жүр жетіп.
Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,
Сол болады еліңе еткен құрметің.

Көп емес-ау, саған артар міндетім,
Ең қиыны: өз халқыңды біл жетік.
Жақсы білсең, Құрекеңнің бір күйін,
Ол да сенің еліңе еткен құрметің.

Өз мініңді тексере алсаң, қолға алып,
Сол болады халқың жайлы толғану.
Ақырында...
Жазғандарын әкеңнің
Өз тіліңде оқи алсаң болғаны.

// Жұмекен Нәжімеденов
137 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-08 17:44:00 Бірдеңе болғысы келген,
Болғанын көргісі келген,
Адамдар толып кетті ғой!
Қорқамын, ол кісілерден.

"Бай болсам!" дейді бір адам,
"Ай болсам!" - дейді бір адам.
Болсам ғой дейді: "Мен - жұлдыз!"
Адамның кейбірі маған.

Біреулер әкім болмақшы,
Біреулер ақын болмақшы.
Бір ақын боламын дейді,
Басқа бір ақыннан жақсы.

Қарасаң, айғақ көп ондай,
Жүр көбі айбаттана алмай.
Бір адам әнші бола алмай,
Бір әнші Қайрат бола алмай.

Біреудің болмысы дара,
Келеді оңғысы ғана.
Біреудің келеді тек жай,
Бақытты болғысы ғана.

Мен соның бірі болмадым,
Ірі болмадым, Ұлы болмадым!
Ештеңе болғым келмейді,
Жетеді тірі болғаным!

// Бауыржан Ширмединұлы - Болу
31 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-06 17:40:00 ​​– Қайда мұнша, қайда асығып бара жатсың, жан құрбым,
Көктем кеші көңіліңдегі шақыра ма, ғашық ән?
– Мені мына он сегізде ғашық еткен тағдырдың,
Азабынан арылуға асығам.
– Қойшы, құрбым, ең әдемі гүл қыздардай емес пе ек,
Көк әлемін ғашық еткен жұлдыздардай емес пе ек?
– Анашымның көңілінен көрдім, жаным, қиналыс,
Алдап едім, болады деп мана бізде жиналыс...
Ғашық болған құрбыжанға көңілсіздік келмесін,
Бақыты үшін алдап жүрген, апасы мен жеңгесін.
Қыз көңілінде нәзік қиял өжеттікпен таласқан,
Қызға және бірді сүю, бір ұяңдық жарасқан.
– Алдау жөн бе, бар сырыңды төкші онан да анаңа,
"Ана – сыншы,– деген сөз бар,– халқымызда,– балаға".
– Жаным, құрбым, айтар едім, шертер едім бәрін де,
Ұяламын, ұяламын, бұл құпиям мәлім бе?
Қалайынша "бойжеттім" деп, "сүйемін" деп айтамын,
Екіншідей "жиналысқа" жібермесе қайтемін?..

// Ханбибі Есенқарақызы - Ұяң қыздар
8 views14:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 17:42:00 ​​Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда,
Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда.
Көлбеңдеп көкорайда күрілдетіп,
Орақшы пішен шауып шөп алғанда.

«Бүлдірген, қарақатты тереміз» деп,
Қыз-келіншек сай-сайға жоғалғанда.
«Аулақта құмарымды қандырам» деп,
Асығы іздеп барар со барғанда.

Оларға тал – шымылдық, шалғын – төсек,
Басына жастық қылар томардан да.
Көз тойып, көңіл толмақ пендеде жоқ,
Болады айрылған соң со да арманда.

Адамды, санай берсең, көп арманда,
«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда.
Жанның бәрін жалмайтын күш те керек,
Айлакеске алдайтын еп арманда.

Ит пен қарға, шошқаға боқ арманда,
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда.
Тамақсыз, табысы жоқ кәріптерге
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арманда.

Жалаңашқа киімнің жоғы арманда,
Тоңғанға отын менен шоқ арманда.
Талап қылса, табылар соның бәрі,
Мал жаусын ба оларға жоғарыдан да.

Жастық көксеп кемпір мен шал арманда,
Өсіп үлкен бола алмай бала арманда,
«Еркектей еркін өмір сүрмедік» деп,
Әйелдер де болады және арманда.

Тамам жанға бақ пенен мал арманда,
Ұрыға жүйрік аттың жалы арманда.
Жердің жүзін жесе де көзі тоймай,
Патшалар да болып жүр әлі арманда.

Кербезге киімінің сәні арманда,
Науқасқа жалғыз шыбын жаны арманда.
Кек қуған кер, ызақор, күншілдерге
Жұтатын дұспанының қаны арманда.

Бағаласам, адамның бәрі арманда,
Санай берсем, табылар сан арман да.
Өзі білмес, білгеннің тілін алмас,
Анық ойлап қарасам, әне, арманда.

// Шәкәрім Құдайбердіұлы - Арман (1880)
89 viewsedited  14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 06:45:11 Бүгін авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің дүниеге келгеніне 100 жыл толды. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 1922 жылдың 5 тамызында Ақмола облысы Майбалық ауылында дүниеге келген.
16 viewsedited  03:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 06:44:55

15 views03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 17:47:00
Ашық болса көңілдің есік-төрі
Көрші қонар несібе көшіп бері.
Бақыт деген бал да емес, шекер де емес,
Тулап жатқан бала ғой бесіктегі!

// Исраил Сапарбай
22 views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 17:47:00 ​​Түлкі мен қоян

Бір күні болдырып келе жатқан түлкі жортып жүрген қоянды көріп, өтірік ауырған болып, оның жолына сұлай кетіпті де, қоянды шақырыпты:
– Қоянжан-ау, қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен, көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, жақынырақ келсеңші, қоштасайық, – депті.
Сонда қоян:
– Екі құлағым сөзіңде тұр, екі көзім өзіңде тұр. Сіз етті жақсы көреді дейді жұрт, сол рас па? – депті.
– Рас болғанда қандай, тіпті ет жемесем басым ауырады.
–Міне, осыныңыз жаман ғой.
– Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бір тауық жеп едім, соған жаным ашып жылап та жібердім. Өйткені ол да тірі жүргісі келеді ғой. О, шіркін, тіршілік! – депті.
Қоян:
– Сіз оны өлтірмей тұрып ойлап көрдіңіз бе? – депті.
Сонда түлкі: «Мен дәл сол жерін ойлауды ұмытыппын. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші», – дейді.
– Ұмытшақ деген жаман ғой, мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын, – деп тұра жөнеліпті қоян.
123 views14:47
Ашу / Түсініктеме