Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2023-06-08 06:24:55
Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
901 views03:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 14:12:40
Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды - Антикор

"Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына қатысты өзге мәлімет жарияланбайды", - деді Антикор өкілдері.
1.5K views11:12
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 11:50:26 Жақсылықов қазақстандық әскерилерді шетелге жіберу туралы ақпаратқа жауап берді

Журналистер министрден "Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бара ма?" деген сұрақ қойды. Әлеуметтік желілерде осындай қауесет тарап жатыр.

"Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің аумағынан шықпағанын толық сеніммен айта аламын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар болған жоқ. Біз ешқайда бармаймыз", - деді Руслан Жақсылықов.
665 views08:50
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 10:55:36 Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды

Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады. Жалпы сомасы 237 миллиард теңгеден асады.

Министрліктер арасында заңбұзушылықтардың негізгі үлесі Қорғаныс (5,1 миллиард теңгеден аса), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (2,9 миллиард теңгеден аса), Мәдениет және спорт (1,3 миллиард теңгеден аса), сондай-ақ Төтенше жағдайлар (1 миллиард теңгеден аса) министрлігіне тиесілі.

Жоғары аудиторлық палатасының төрайымы Наталья Годунованың айтуынша, тексеру шараларының нәтижесінде жиналған материалдардың бір бөлігі құқық қорғау органдарына берілген.
970 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 09:24:59
Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Маржан Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
1.3K views06:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 08:23:42
Петропавлды Ресей құрамына өткізуді сұраған қазақстандық әйел сотталып кетті

Оқиға 2021 жылы қыркүйекте болған. Татьяна С. "Рулетка" чатында отырған. Олар белгісіз бір ресейлік ер адаммен видео арқылы сөйлесіп отырған.

Желіде тараған видеода ер адаммен диалог көрсетіледі. 

"Сіздердің еліңізде кім президент болғанын қалайсыз?", - деп сұрайды ер адам. 

"Путин және Назарбаев", - дейді әйел адам. 

"Мен Путин деп ойлаймын, ал ол Назарбаев деп есептейді. Немесе керісінше", - дейді қасындағы әйел. 

"Біздің Петропавлды өздеріңізге алыңыздаршы. Қырымды алғандай", - дейді видеодағы әйел.

Татьяна С-ға сепаратизм бойынша айып тағылып, ол сот үкімі бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық соты Татьяна С.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігі ("Сепаратистік әрекет") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Соттың үкімі әлі күшіне енген жоқ.
1.8K views05:23
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 07:26:32
Астанада мәртебелі қонақтар: Ақорда Тоқаевтың жұмыс кестесін жариялады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды.

Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі.
1.5K views04:26
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 07:20:56 42 градус аптап: Қазақстандағы 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Астанада
күндіз 36-38 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының
батысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семейде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскеменде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 42 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облыстың басым бөлігінде күндіз 40- 42 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкентте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. 7 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда 7-9 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 7 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
1.5K views04:20
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 15:37:01
Ақын Қойшығұл Жылқышиев қайтыс болды

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Қайғылы хабарды ақын Әлия Дәулетбаева желісіндегі парақшасында жариялады.
1.4K views12:37
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 14:31:42
Министрлік қазақстандық оқушылардың Қырымға баруына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мектеп оқушыларының Қырымға баруы туралы сұраққа жауап берді.

Үкімет кулуарында сауалдарға жауап берген басқарма басшысы балалар аман-есен оралғанын атап өтті. Ал алдағы уақытта Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығынсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салу көзделіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, балалар "Россотрудничества" өкілдігі бағдарламасы бойынша өткен байқауда жеңімпаз атанған. Ата-аналар білім бөліміне хабарламай, балаларын шетелге шығарған.
1.6K views11:31
Ашу / Түсініктеме