Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2023-06-08 16:12:56
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жалақысы қанша екенін айтты.

Бұл туралы қала басшысы журналист Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

"Қолыма 930 мың аламын. Әйелім жұмыс істейді, мен жұмыс істеймін", - дейді Нұрбол Нұрсағатов. 

Семей әкімі қалада пәтерді жалға алатынын айтты. 
886 views13:12
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 15:01:20
Жигули Дайрабаев үйіне қатысты іс бойынша сотта жеңіліп қалды

Талапкер әйелімен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен жергілікті тұрғын Саит Рузиев болып шықты. Әйелі ортақ үйді Жигули Дайрабаевқа сатып жіберген.

7 маусымда Жамбыл облысы Тұрара Рысқұлов ауданының соты Саит Рузиевтің бұрынғы әйелі мен депутат Жигули Дайрабаевқа, нотариус және облыстық әділет департаментінің қызметкерлеріне қатысты арызы бойынша шешім шығарды. Саид Рузиевтің бұрынғы әйелі мен Жигули Дайрабаев арасындағы 2021 жылғы 5 қарашадағы Сарымолдаева ауылындағы үйді сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылды, мүлік - бұрынғы ерлі-зайыпты бірлесіп жиған пайда. Олардың бірлескен мүліктегі үлесі 50 пайыздан деп анықталды.

Сот шешіміне бір ай ішінде шағым түсіруге болады.
211 views12:01
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 13:39:50
"Семей орманы" аумағында өрт шықты

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары "Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орманда шыққан өртті жедел сөндіруге күш салып жатыр.

Семей филиалы мәліметінше, Батпаев орман шаруашылығы аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаш өртенген.

Қазір өтті жою жұмыстарына Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 31 адам мен 9 техника, орман шаруашылығынан 28 адам мен 14 техника жұмылдырылған.

Құтқарушылар елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді.

Өртсөндірушілер жағдайды асқындырмас үшін және өртті жою үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсап жатқаны атап өтілді.
699 views10:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 13:22:08
Астана халықаралық әуежайында қате толы баннер ілінген

Баннердегі жазуларда қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерде қате бар. Сонымен қатар, жұртшылық "Орталық Еуразия" тіркесін де сынға алды. Көбісі "картада жаңа құрлық қайда орналасқан" деген сұрақпен бас қатырды.

"Бұл қайткені? Бір баннерде өрескел үш қате... Бұл елордалық әуежай емес пе? Gate 01 Local Terminal. Дұрыстау үшін кімге айту керек екен?", - деп жазды автор Facebook желісіндегі парақшасында.

Елордалық әуежайдың өкілдері бұл жәйтке қатысты пікір білдірді.

"Бұл жарнамалық макет баннерде шығарылған, процесс кезінде жарнамамен айналысатын компания қателерді тауып, дұрыстап қайта шығарды. Өкінішке орай, жарнама цехының қызметшілері ауыстырып алып, қате нұсқа ілінген. Мұндай жағдай қалыптасқанына өкініш білдіреміз, біз оны дереу ауыстырдық", - деді Астана әуежайы баспасөз қызметінің өкілдері.

Фото Facebook/Natalya Kuzetova
813 views10:22
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 12:57:06 "Қазақстан халқына" қорына жыл басынан бері қанша қаражат түскен?

"Қор құрылған уақыттан бері ірі компаниялардан, жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан, меценаттар мен жеке тұлғалардан 155,2 миллиард теңге қаражат келіп түсті, соның ішінде жыл басынан бері 23,8 миллиард қаражат түсті",
- делінген қордың тілшіміздің ресми сауалындағы жауапта.

Айта кетейік, Қазақстан халқына қоры мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған. 

Қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсетіп тұрады. 
152 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 12:44:00
WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес Министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады",
- деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.
366 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 09:45:32
Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы әкімдіктің өзі хабарлады.

"Бүгін, 2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.
700 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 08:07:02
Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен пара алған - Антикор

"Н.Б. Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді.

2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтің мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен", - делінген хабарламада.


Әлтаев Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды. Тергеу жалғасып жатыр.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.
566 views05:07
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 07:36:08
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген Жарлықта.
411 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 06:30:58 Ақорда Тоқаев қатысатын іс-шаралар аңдатпасын жариялады

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Форумда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді. Бұдан бөлек Президент:

• Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
• Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
• Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
• Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
• Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
• ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.
867 views03:30
Ашу / Түсініктеме