Get Mystery Box with random crypto!

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңб | Tengri.kz

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды

Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады. Жалпы сомасы 237 миллиард теңгеден асады.

Министрліктер арасында заңбұзушылықтардың негізгі үлесі Қорғаныс (5,1 миллиард теңгеден аса), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (2,9 миллиард теңгеден аса), Мәдениет және спорт (1,3 миллиард теңгеден аса), сондай-ақ Төтенше жағдайлар (1 миллиард теңгеден аса) министрлігіне тиесілі.

Жоғары аудиторлық палатасының төрайымы Наталья Годунованың айтуынша, тексеру шараларының нәтижесінде жиналған материалдардың бір бөлігі құқық қорғау органдарына берілген.