Get Mystery Box with random crypto!

Жақсылықов қазақстандық әскерилерді шетелге жіберу туралы ақпа | Tengri.kz

Жақсылықов қазақстандық әскерилерді шетелге жіберу туралы ақпаратқа жауап берді

Журналистер министрден "Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бара ма?" деген сұрақ қойды. Әлеуметтік желілерде осындай қауесет тарап жатыр.

"Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің аумағынан шықпағанын толық сеніммен айта аламын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар болған жоқ. Біз ешқайда бармаймыз", - деді Руслан Жақсылықов.