Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2023-05-04 09:16:57
«Ақорда» резиденциясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

@tengri_kz
757 views06:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-04 08:08:01
Биыл Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды Қорғаныс министрлігі биыл бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты елімізде әскери шерудің өткізілмейтіндігін хабарлады. Қайырлы күн! http://t.me/tengri_kz
1.1K views05:08
Ашу / Түсініктеме
2023-05-04 07:52:36
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған.

Полиция қызметкерлері экзотикалық жануарларды тәркілеген.

@tengri_kz
1.2K views04:52
Ашу / Түсініктеме
2023-05-04 07:14:12
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайына қатысты сот үкімі шықты. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

@tengri_kz
1.4K viewsedited  04:14
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 15:16:10
Кремль Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасалмақ болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр.

"Әскери және арнайы қызметтердің әрекеттері нәтижесінде аппараттар істен шығарылды", - делінген БАҚ мәліметінде.

Кремль бұл әрекеттерді 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында жоспарланған террористік акция және президентке жасалған қастандық деп санайды.

Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде Ресей президенті Владимир Путин зардап шекпегені, оның жұмыс кестесі өзгермегені, әдеттегідей жалғасып жатқаны айтылды.

@tengri_kz
2.3K views12:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 14:37:37
Әлеуметтік желіде 17-қабаттағы терезелерді жуып жатқан астаналықтың видеосы пайда болды. Кадрларда оның ешқандай сақтандырусыз карнизде тұрғаны көрінеді.

Бұл видео Instagram-да топтарда тез тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған.

"Терезелердің тазалығы өмірден қымбат па?", "Лас терезелермен жүре берейін", "Тіпті бірінші қабатта тұрып, бұлай жумаймын", "Енесі келе жатқан шығар", - деп жазған Желідегілер видеоға. Толығырақ

@tengri_kz
2.9K views11:37
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 09:43:29 Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қаралады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, бағдарламаға бірден төрт тармақ бойынша өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.

"Бірінші мәселе - бастапқы жарна. Ол ешқашан болған емес, бірақ енді ол көлік сомасының 15 пайызы болады.
Екіншісі - қоғам мен БАҚ-тың талабы бойынша көлікті алғандардың аты-жөні жарияланады.
Үшінші тармақ - бағдарламаға қатысу үшін қандай көліктерге рұқсат етілетіні бойынша өзгерістер енгізіледі. Қазір бағдарлама 10 миллион несие сомасына және 15 миллион көлік сомасына мүмкіндік береді. Біз Kia Sportage және Hyundai Tucson сияқты брендтердің қатысуын қайта қарастыруымыз мүмкін. Тағы да айтамын, бұл түпкілікті шешім емес, біз оны талқылап жатырмыз", - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысы кулуарында.

Министрдің айтуынша, төртінші тармақ - ең маңыздысы, өйткені ол өтініш берушінің ең жоғары жалақы шегіне қатысты.

"Біз жалақының ең жоғары шегін белгілеуді қарастырамыз, яғни белгілі бір жалақы мөлшерінен жоғары алатын адамдар қатысуға құқылы болмайды, өйткені біз аз (табысы бар) адамдар үшін автонесие бағдарламасын қолжетімді еткіміз келеді", - деді ведомство басшысы.

@tengri_kz
2.8K viewsedited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 07:33:59
Дархан Құрақбаев Антикор төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

@tengri_kz
2.8K views04:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 13:27:01 30 сәуірде ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-курста оқыған курсанттың денесі табылды. 

Ведомство мәліметінше, өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру.

Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

ҰҚК өкілдері марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

@tengri_kz
3.0K views10:27
Ашу / Түсініктеме
2023-04-29 12:58:19
Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" тендерлерінің заңдылығын тексереді.

"Мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп, оны еңбек жағдайларының нашарлауы және жалақының төмендеуімен байланыстыратыны белгілі. Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның қаржы-шаруашылық құжаттамасын және сатып алуларын ықтимал заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдайды", - делінген хабарламада.

@tengri_kz
3.6K views09:58
Ашу / Түсініктеме