Get Mystery Box with random crypto!

Министрлік қазақстандық оқушылардың Қырымға баруына қатысты пі | Tengri.kz

Министрлік қазақстандық оқушылардың Қырымға баруына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мектеп оқушыларының Қырымға баруы туралы сұраққа жауап берді.

Үкімет кулуарында сауалдарға жауап берген басқарма басшысы балалар аман-есен оралғанын атап өтті. Ал алдағы уақытта Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығынсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салу көзделіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, балалар "Россотрудничества" өкілдігі бағдарламасы бойынша өткен байқауда жеңімпаз атанған. Ата-аналар білім бөліміне хабарламай, балаларын шетелге шығарған.