Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2023-06-06 12:30:41
Желіде жас ұланның соққыға жығылған сәтінен видео тарады

Әлеуметтік желіде Семейдегі "Жас-Ұлан" лицей ұландарын ұрып жатқан екі бейнеролик тарады.

Абай аудандық білім басқармасы бұл кадрларға түсініктеме беріп, оқиғаның шынымен болғанын мәлімдеді.

«3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ, офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болған.

Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылды, атап айтқанда: 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды
»- деді ведомства.
1.7K views09:30
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 07:53:35
Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты. Әзірше редакцияның WhatsApp нөміріне қызмет алу мүмкін емес екені туралы ақпараттар келіп жатыр.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.

"Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз. Мамандар оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді корпорацияның баспасөз қызметі өкілдері.
1.9K views04:53
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 07:51:52 Алматыда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атып, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болды. ПД тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлайды. https://t.me/tengri_kz
1.7K viewsedited  04:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 07:45:37
Қазақстандық меморгандар арасында 394 миллион теңгеге супер-жеңіл сағаттарды өз теңгеріміне алуға ниет білдірушілер табылмады.

Әңгіме швейцариялық танымал Richard Mille брендінің тәркіленген сағаты туралы болып отыр, оны "миллиардер сағаты" деп те атайды. Сәуірдің аяғында бұл супер-жеңіл сағат шенеуніктерге ұсынылды. Дегенмен, электрон сауда алаңында бұл лот ешкімді қызықтырған жоқ. Бірде-бір мемлекеттік орган өз кандидатурасын ұсынбаған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz пікір алу үшін Richard Mille сағатын сататын Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жүгінді.

Толығырақ
1.7K views04:45
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 07:00:17
Алматыда "элиталық эскорт" желісінің ұйымдастырушысы ұсталды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қызды ұстады. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан.

Ол қыздарға "демеушілерді" табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ долларын құраған.
Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне алып отырған. Ал қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. "Кездесудің" құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген.
Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы анықталды. Ол 209 миллион теңгеден астам сома. Толығырақ
1.9K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-05 10:35:39
Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді дөрекі түрде итеріп жіберді.

Оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Бейнежазбада полицейдің қызмет көлігінің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше әйел оған рұқсат бермей жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың біріне дөрекі күш қолданады. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік әйелдер кейін адвокатты талап еткен.

"Аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталды. Департамент басшылығы полиция қызметкерінің дөрекі іс әрекеті үшін баға беретін болады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2.5K views07:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-05 10:14:55 +46 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады найзағай ойнап, 6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста жаңбыр жауады.

8 маусымда еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ауа райы ыстық болады.

"Күндіз аптап 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта, республиканың шығысында +41 градусқа дейін сақталады, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41 градусқа дейін, еліміздің оңтүстігінде +46 градусқа дейін сақталады деп болжанады.

8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде аптап ыстық +22-30 градусқа дейін төмендейді деп болжанады", - делінген хабарламада.
2.6K views07:14
Ашу / Түсініктеме
2023-06-05 09:41:02 Алматыда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атып, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болды.

ПД тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлайды.

https://t.me/tengri_kz
2.4K views06:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-05 09:25:53
Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, сөз сөйледі
2.3K views06:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-04 08:18:16
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

«Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!" – деп жазылған құттықтауда.
2.7K views05:18
Ашу / Түсініктеме