Get Mystery Box with random crypto!

42 градус аптап: Қазақстандағы 7 маусымға арналған ауа райы бо | Tengri.kz

42 градус аптап: Қазақстандағы 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Астанада
күндіз 36-38 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының
батысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семейде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскеменде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 42 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облыстың басым бөлігінде күндіз 40- 42 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкентте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. 7 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда 7-9 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 7 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.