Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 226

2021-05-11 08:45:18 Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

"Анықтау жұмыстары ТЖМ құзыретіне кірмейді, бірақ менің білуімше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол от жаққан. Толық ақпаратты ІІМ-нен сұраңыздар", - деді Уәли журналистерге.

t.me/tengri_kz
1.8K views05:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 07:40:12 Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді. Ал орман аумағында өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта өртеніп жатқан орманның аумағы - 310 гектар.

ТЖМ хабарына қарағанда, ормандағы өртті сөндіруге қатты жел кедергі болып жатыр. Оның екпіні секундына 20 метр жылдамдыққа жетеді. Алдын ала нұсқа бойынша, мамандар әдейі өрт қою және отқа ұқыпсыз қарау нұсқаларын қарап жатыр.

t.me/tengri_kz
1.9K views04:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-10 19:33:49
Кейінгі мәліметтер бойынша ШҚО-да 35 үйді жалын шарпыды.

Оқиға орнында 208 адам жұмыс істеп жатыр. ​Жедел желі телефоны: 8 (7232) 55-38-19.

Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаев Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырғанын жазды.

t.me/tengri_kz
2.4K viewsedited  16:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-10 18:41:03
Шығыс Қазақстан облысында Риддер маңындағы орман өртеніп жатыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, өрт ауылға қарай бағытталып бара жатыр. Ауыл тұрғындары өздігінен үй жануарлары мен техникаларын эвакуациялап жатыр.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, алдын ала болжам бойынша, отты абайсыз қолдану, бірақ тұрғындар қасақана өрт шыққанын мәлімдеді.

t.me/tengri_kz
2.4K viewsedited  15:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 07:11:10
Жеңiс күнi құтты болсын! Қазақстанның кɵгiнде бейбiт күннiң жалауы мəңгi желбiресiн!

t.me/tengri_kz
3.0K viewsedited  04:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 11:09:50
Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды.

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдинов кеудесінде медальдармен жас болып бейнеленген.

Жоба авторлары: мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев. Ескерткіш қола мен граниттен жасалған.

t.me/tengri_kz
3.4K viewsedited  08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 15:24:38
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды.
3.3K views12:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 07:01:07
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!
3.5K viewsedited  04:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 12:11:45 Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері қалды. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 еді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді.

"2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл - 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды", - деді Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.

t.me/tengri_kz
3.4K viewsedited  09:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 07:14:36
Ресейлік саясаткерлер Қазақстанның аумақтық тұтастығы туралы арандатушылық мәлімдемелер жасай отырып өздеріне назар аударуға тырысып жатыр. Ресейдің Қазақстанға қатысты саясатын анықтайтындар мұндай сөзді ешқашан айтпаған, айтпайды да. Бұл туралы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров мәлімдеді.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz
3.4K viewsedited  04:14
Ашу / Түсініктеме