Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2023-06-02 12:42:12
"ӨзенМұнайГаз"АҚ бас директорының орынбасары ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келгені бойынша күдікпен ұсталды.

Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз кіргізген.

Дегенмен, компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекке тіркелген.

Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтіндігін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Б. Мамбетсапаевтың анық білгендігі тергеумен анықталды.

Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан.
3.0K views09:42
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 12:21:36
«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы.

Өз кезегінде Шарль Мишель ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті.
2.4K views09:21
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 08:46:04
Марқұм Гүлмира Кәрімованың орнына кім сенатор болды?

2 маусымда қайтыс болған
Гүлмира Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаттығына сайлау өтті.

Дауыс беру нәтижесінде облыстағы Amanat филиалының төрағасы Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысынан сенатор болып сайланды. Ол сайлаушылардың 74,4 пайыз дауысын алды.
2.6K viewsedited  05:46
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 08:16:28
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр.
2.5K views05:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-18 06:35:00
Астаналық белсенділер Есіл өзенімен жүзіп келе жатқан жаяу жүргіншілер кемесінің бортында Президент Тоқаевты туған күнімен құттықтайтын перфоманс ұйымдастырды.

Бұл туралы Telegram-дағы "Жақсы адамдар" каналы хабарлады.

"2023 жылғы 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды! Бұған дейін туған күн иесі өзінің мерейтойын атап өтуді жоспарламайтынын атап өткен болатын.

Бірақ біздің қыздар мерейтой иесін құттықтаусыз қалдыру әділ емес деп санады. 20 белсенді өз қолдарымен 7 метрлік баннерді дайындап, Президентке құттықтау жолдады",
- делінген жазбада.

@tengri_kz
1.4K views03:35
Ашу / Түсініктеме
2023-05-17 11:01:33
Тоғжанов қымбат мейрамханада өткен мерейтойы туралы сұраққа жауап берді.

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер облыс әкімінен 13 мамырда Ақтөбедегі қымбат мейрамханалардың бірінде туған күнін тойлағаны туралы сұрады. Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары мереке өтті деген мекеменің маңында қызметтік көліктер тұрғаны туралы ақпарат таратқан болатын.
2.2K views08:01
Ашу / Түсініктеме
2023-05-17 09:54:30
Тоқаевты Қытай Халық Республикасында осылай қарсы алды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.

@tengri_kz
2.1K views06:54
Ашу / Түсініктеме
2023-05-17 08:30:16
Ақтауда белгісіз біреулер атыс шығарды.
16 мамырда сағат 00:37 шамасында "102" кезекші пультіне 16 шағынауданда белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атылғаны туралы шақырту келіп түскен.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді. Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

@tengri_kz
2.1K views05:30
Ашу / Түсініктеме
2023-05-17 07:48:58
Бүгін, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Архив суреттерін жинап, Мемлекет басшысының өмірбаяны туралы шолу жасап өттік. Мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Тоқаев туған күнін тойламайтындықтан, елде мерекелік іс-шаралар жоспарланбайды. Ол бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барады және Сиань қаласында өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысады.

Күндеріңіз сәтті өтсін! Ал Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен құттықтаймыз!

@tengri_kz
2.2K viewsedited  04:48
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 13:56:04
"Қайрат" футбол клубының жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев ес жиды. Кеше ІХ турдағы "Ақтөбеге" қарсы ойын басында футболшы ауыр жарақат алған еді. 

Алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, футболшы жағдайы түзелген. Қазіргі таңда денсаулығын дәрігерлер жіті бақылап отыр. Ал 1/4 финалдағы Қазақстан кубогы аясындағы "Қайрат" және "Атырау" командалары арасындағы ойыннан түскен билеттер қаржысы футболшының отбасына беріледі. 

Айта кетейік, кеше өткен ойында "Қайрат" "Ақтөбені" 2:1 есебімен ұтты. Матчта алаң иелері сапында Жоао Пауло мен Артур Шушеначев гол соқты.

@tengri_kz
2.9K viewsedited  10:56
Ашу / Түсініктеме