Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 227

2021-05-05 12:22:52 Алматыда ҰБТ қалай өтеді? Дәрігерлер жауабы

"Барлығы үш тестілеу залы болады. Күн сайын ҰБТ-ға 600 оқушы жіберіледі. Залға отырғызу кезәнде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар ескеріледі", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі Дина Суханберлиева.

Сондай-ақ, ҰБТ өткізу орындарында медициналық пункт және желдеткіш жүйе орнатылған. Оқушыларға бөтелкедегі су таратылады.

Барлық оқушы кіреберісте бетперде тағып, қолдарын арнайы сұйықтықпен өңдеп, термобақылаудан өтуі керек. Толығырақ біздің сайтта.

t.me/tengri_kz
3.7K viewsedited  09:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 10:27:15
Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасына ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгеріс пен толықтырулар қабылданып, қорытынды шығарылды.

"Сенат ұсынған өзгеріс пен толықтыру шетелдік жер пайдаланушылардың және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік және жер пайдалану құқығымен кандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізуді көздейтін заң жобасының Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдамасын бұзбайды және оның мазмұнын нашарлатпайды", - делінген Мәжілістің тұжырымдамасында.
3.5K views07:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 10:26:26
Ashyq қосымшасы AppStore-дан жоғалып кетті.

Tengrinews.kz редакциясы түсініктеме алу үшін ЦДИАӨМ-ге сауал жолдады.

Ashyq қосымшасының техникалық қолдау чатында бұл "уақытша техникалық қиындықтар" екені хабарланды. Әзірлеушілердің айтуынша, Ashyq қосымшасын жүктей алмаған IPhone қолданушылары мекеме күзетшісі арқылы тіркеліп отырады.
3.1K views07:26
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 10:30:30 Енді "Спутник V" вакцинасының екінші компоненті тек 45-інші күні салынады. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Қалықованың айтуынша, бұл өзгеріс вакцинаны шығарғандардың ресми мәлімдемелеріне сүйенген. Бірінші және екінші компонент арасындағы уақытты ұзарту иммундық жүйеге кері әсер етпейді.

t.me/tengri_kz
4.1K views07:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 08:47:16
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство өкілдері далада жұмыс істейтін нысандардың уақытына шектеуді жеңілдетуге келіскенін айтты.

Оның айтуынша, "қызыл" аймақтағы тамақтануға арналған жазғы алаңдар 9.00-ден 20.00-ге дейін, "сары" аймақтағылар 07.00-ден түн ортасына дейін, "жасыл" аймақта 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Бұл ретте мұндай барлық нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы тиіс. Көше тағамдары мен ашық аттракциондардың қызметіне шектеу жоқ.

t.me/tengri_kz
5.1K views05:47
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 08:04:30
Елбасының бейнесі Бостандық ауданында пайда болды. Сурет Жароков және Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан гараждың сыртына салынған.

Мурал авторлары Elbasy forever yuong деген жазу қалдырған, бұл "Елбасы - мәңгі жас" деген мағынаны береді.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы өкілдері ведомствоның бұл бейнелеу өнеріне ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz
4.1K viewsedited  05:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 13:46:42 Жедел жәрдем көлігінің дауыс ұлғайтқышымен ән айтқан қызметкер жұмыстан шығарылды. Ақпаратты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Өкінішке қарай, ол жұмыстан шығарылды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

t.me/tengri_kz
3.9K views10:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 13:32:27
Түркістанда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі көшеде дауыс ұлғайтқышпен ән айтқан.

Ерекше "өнердің" видеосын желі қолданушылары әлеуметтік желіге салып жіберген. Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісін ұстады.

Арыстағы жедел жәрдем бригадасы Түркістандағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізген. Қайтар жолда жүргізуші сүйікті әнін орындамақ болған.

Полицейлердің мәліметінше, жүргізуші сау болған. Бірақ ол тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Жедел жәрдем жүргізушісі жасаған әрекетіне байланысты кешірім сұрады.

t.me/tengri_kz
4.2K viewsedited  10:32
Ашу / Түсініктеме