Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2023-05-15 13:40:37
Қазақстан "спорттағы жемқор" елдердің ондығына енді

Sportradar спорттық аналитикалық компаниясының мәліметінше, 2022 жылы 1212 спорттық матч өте күмәнді өтті.

Алғашқы он елдің үлесіне әлемдегі барлық күмәнді матчтардың 47,1 пайыз-ы тиесілі. Өкінішке қарай, Қазақстан 2022 жылы 43 күмәнді ойынмен бұл антирейтингте 4-орынға тұрақтады. Бразилияда (152 күдікті матч), Ресейде (92 матч) және Чехияда (56 матч) жағдай Қазақстанға қарағанда нашар, Қытайда (41 матч), Грекияда (40 матч) және Аргентинада (39 матч) Қазақстаннан жақсырақ.

@tengri_kz
2.7K views10:40
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 13:38:38
17 мамыр күні Тоқаев 70-ке келеді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын айтты

@tengri_kz
2.7K viewsedited  10:38
Ашу / Түсініктеме
2023-05-14 17:30:49
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшыларды құттықтады.

@tengri_kz
3.0K views14:30
Ашу / Түсініктеме
2023-05-14 17:19:19 Бокстан Ташкентте өткен Әлем Чемпионатын Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміспен аяқтады

Әлем Чемпиондары:
Санжар Тәшкенбай (48 келі)
Махмұд Сабырхан (54 келі)
Асланбек Шымбергенов (71 келі)
Нұрбек Оралбай (80 келі)

Күміс жүлде
Дулат Бекбауов (67 келі)

Отандастарымызды құттықтаймыз!

@tengri_kz
3.0K views14:19
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 19:42:14
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері растады.

"Соталды тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада. 

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бері "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы, оған дейін 2007 жылдан "Атамекен" Одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кетті.

@tengri_kz
2.0K views16:42
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 12:12:37
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды

Президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат  Мирзиёев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян болды.

@tengri_kz
2.7K views09:12
Ашу / Түсініктеме
2023-05-08 13:40:21 Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады

Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Салтанатты шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған.

@tengri_kz
2.9K views10:40
Ашу / Түсініктеме
2023-05-08 12:29:45
Медеудегі өртті сөндіру кезінде өртсөндіруші қайтыс болды.

Бүгін түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

@tengri_kz
2.7K views09:29
Ашу / Түсініктеме
2023-05-07 11:33:03
Астанада белгісіз ер адам курсанттарға балмұздақ беріп, жұртты тебірентті.

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жүк көлігінің артында отырған курсанттарға бірнеше балмұздақ бергені бейнеленген видео тарады.

Видеода әскери киім киген жастар дәмге қол созып жатқаны, ал ер адам күлімсіреп көлігіне бара жатқаны көрінеді.

Видео Астанада шағын көлік кептелісі кезінде түсірілген. Ер адам Отан қорғаушылар күніне орай осындай сый беруді жөн көрген сынды.

@tengri_kz
3.1K views08:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-07 06:08:12
Қайырлы таң! Мереке құтты болсын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

«Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке. Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.

Бүгінде жауынгерлеріміз батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, ел тыныштығын қырағылықпен күзетіп тұр. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, антына адалдық танытып жүрген барлық сарбаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Армиямыздың айбыны асқақтай берсін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын!

Әскери қызметшілерге, ардагерлерге және барша отандастарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін!»,-делінген құттықтауда.

@tengri_kz
3.1K viewsedited  03:08
Ашу / Түсініктеме