Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2023-07-04 08:03:47
Кеше кешке Атырау мұнай өңдеу зауытында апаттық жағдай болды.

Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында туындаған жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Президенттің тапсырмасы бойынша, апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды, оған премьер-министр төрағалық етеді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.
3.5K viewsedited  05:03
Ашу / Түсініктеме
2023-07-03 15:40:49
"ҚазАвтоЖол" АҚ қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

ҰҚК мен Транспорттық прокуратура "ҚазАвтоЖол" Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.
2.8K views12:40
Ашу / Түсініктеме
2023-07-03 15:12:19
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 маусымындағы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 766 мың 807 адам болды.

Қала халқына жататын азаматтар саны – 12 209 896, ауыл тұрғындарының саны – 7 556 911. 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 112 196 адамға өсті.

Тұрғындар ең көп қоныстанған өңір – Алматы қаласы, мұнда 2 161 902 адам тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 119 226 адам, үшінші орында Алматы облысы – 1 505 896 адам.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 354 556 адам.
2.7K views12:12
Ашу / Түсініктеме
2023-07-03 10:11:52 Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев ұсталды.

Ведомство мәліметінше, экс-мәдениет және спорт министрінің адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген.

А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған.

Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.

Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2.9K views07:11
Ашу / Түсініктеме
2023-07-03 07:08:25
Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
3.0K views04:08
Ашу / Түсініктеме
2023-07-02 07:35:42
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
3.2K views04:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-29 08:35:27
Астанада көлік асқан жылдамдықпен LRT бағанасына соғылды. 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

https://t.me/tengri_kz
5.1K views05:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-29 08:32:12 Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады.

Ол - Бақытбек Сыдықов. Бақытбек Сапарбекұлы Руслан Шпекбаевтың орнына келді.

https://t.me/tengri_kz
4.3K views05:32
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 12:39:49
Абай облысында жоғалып кеткен орман шаруашылығы қызметкері өлі табылды

Абай облысында трактормен өрт сөндіруге шығып, жоғалып кеткен Сергей Архипов өлі табылды.

"️Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылған. Ол трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүргені айтылды.
1.7K views09:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 10:01:34
Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы facebook парақшасында жазды.
2.0K views07:01
Ашу / Түсініктеме