Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2023-06-13 09:56:27 ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі.

Журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізу туралы сұрады.

"Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегінің өзі төтенше жағдай, адамдар қаза болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбады, мүмкін немқұрайлық, қызметтік міндеттерін орындамау", - деді Ахметжанов.
2.0K views06:56
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 07:21:05 Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды

2021 жылы жоспарланған іс-қимылдар нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Қазақстан үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды. Қажетті құжаттарға қол қойылды.

Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады.
2.1K views04:21
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 06:35:23 Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден және әр балаға 2 миллион теңгеден бөлінеді.

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов жедел кеңес кезінде айтты. Қаражат «Қазақстан халқына» қорынан бөлінеді.

Сондай-ақ, қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетіледі:
• отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;
• отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;
• қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;
• БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылған.

Әрі 40-тан аса қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.
2.1K viewsedited  03:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 14:12:43 Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынбақ.

Бұл туралы Сенатта өткен "дөңгелек үстелде" ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты.

"Көлік құралдары бойынша. Мұнда да шамамен 50 миллион теңге шегін қоюды көздеп отырмыз. Егер көліктің нарықтағы құны осы шектен асып кетсе, онда акциздер арқылы қосымша салық салынады".
592 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 12:39:54
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі 15 маусымда аяқталады.

Бұл ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.

"Өткен жылғы Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Даниал Ахметовтің әкім ретінде құзыреті 15 маусымда аяқталады", - дейді Руслан Желдібай.
430 views09:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 12:25:03
Абай облысындағы орман өрті түсірілген жаңа видео пайда болды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі аумақты үстінен шолу кезінде, біздің тілші тікұшақтан видео түсіріп алған.
622 views09:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 08:23:50
Динара Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
1.1K views05:23
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 08:19:39
Өртсөндірушілер қайта оралды. Өрт Абай облысындағы тағы бір ауылға жақындап келеді

Абай облысында 60 мың гектардан астам аумақта 14 адам қаза тапқан орман өрті сейілмей тұр. Апат аймағынан жергілікті ауылдардың тұрғындары эвакуацияланды. 10 маусымнан бері Tengrinews.kz тілшілері оқиға аумағында жүр.

Тілшілер өрт болған ошақтарды аралап қайтты. Барлық жедел штабтарда болды. Бұл жағдай олардың бақылауында болған. Өртсөндірушілер өрттің ауыздықталғанын мәлімдеді.

Бірақ кейінірек әлеуметтік желілерде Талица ауылының маңындағы өрт туралы ақпарат пайда болды.

Толығырақ
1.1K views05:19
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 08:11:10
Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
1.1K views05:11
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 06:16:50
Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойды.

"Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген Жарлықта.

Бүкіл ел бойынша, соның ішінде елдегі ең үлкен мемлекеттік ту түсіріледі.
1.4K views03:16
Ашу / Түсініктеме