Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2023-06-11 17:48:17
Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысындағы өртте ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза тапқан 14 адам "Құрмет" орденімен марапатталды.
2.0K views14:48
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 15:02:01
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады.
2.2K views12:02
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 14:51:17
Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөлді:

«Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?!

14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді.

Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?»
2.1K views11:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 14:19:22
Президент Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

«Елімізде тағы да алапат өрт болып жатыр. Өкінішке қарай, тілсіз жаумен күрес кезінде азаматтарымыз қайтыс болды. 14 адам қызметтік міндетін атқарып жүріп ерлікпен қаза тапты. Мен жаңа ғана бұл адамдардың туысқандарымен кездестім. Өте ауыр әңгіме болды. Жұрт жылап отыр. Үкіметке наразылығын айтып жатыр. Марқұмдардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Қайтыс болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алайық».
1.9K views11:19
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 13:24:53
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады.

"Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі", - деді ол.

Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қаржылай да, басқа да көмек көрсетілетінін айтты.
2.0K views10:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 13:19:04
Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді:

«Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады»
1.8K views10:19
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 12:55:17
Тоқаевтың Абай облысындағы өртте қаза тапқан Алексей Губаевтың жұбайымен әңгімесінен:

«Түсінемін, сіз күйеуіңізден, асыраушыңыздан айырылдыңыз. Бала қалды. Сондықтан көмектесемін деп айттым. Жағдай шынымен де күрделі. Мен бәрін түсінемін. Мен басқа планетада тұрмаймын ғой. Мен сіздермен біргемін»

«Я понимаю, вы лишились мужа, лишились кормильца. Ребенок остался. Поэтому и говорю, что я помогу. Ситуация, действительно, сложная. Я все понимаю. Я же не на другой планете живу. С вами я живу вместе»
1.9K viewsedited  09:55
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 11:24:40 Президент осы қайғылы оқиғаға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылатынын айтты.

"Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады", - деді Тоқаев.
2.0K views08:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 10:58:26 Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз", - деді Мемлекет басшысы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда.
2.1K viewsedited  07:58
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 10:04:35
Мемлекет басшысы Абай облысында өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап көрді
2.1K views07:04
Ашу / Түсініктеме