Get Mystery Box with random crypto!

WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипенди | Tengri.kz

WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес Министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады",
- деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.