Get Mystery Box with random crypto!

Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен пара алған - Антикор 'Н.Б | Tengri.kz

Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен пара алған - Антикор

"Н.Б. Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді.

2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтің мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен", - делінген хабарламада.


Әлтаев Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды. Тергеу жалғасып жатыр.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.