Get Mystery Box with random crypto!

'Семей орманы' аумағында өрт шықты Абай облысы Төтенше жағдай | Tengri.kz

"Семей орманы" аумағында өрт шықты

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары "Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орманда шыққан өртті жедел сөндіруге күш салып жатыр.

Семей филиалы мәліметінше, Батпаев орман шаруашылығы аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаш өртенген.

Қазір өтті жою жұмыстарына Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 31 адам мен 9 техника, орман шаруашылығынан 28 адам мен 14 техника жұмылдырылған.

Құтқарушылар елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді.

Өртсөндірушілер жағдайды асқындырмас үшін және өртті жою үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсап жатқаны атап өтілді.