Get Mystery Box with random crypto!

Ақорда Тоқаев қатысатын іс-шаралар аңдатпасын жариялады 'Бүгі | Tengri.kz

Ақорда Тоқаев қатысатын іс-шаралар аңдатпасын жариялады

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Форумда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді. Бұдан бөлек Президент:

• Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
• Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
• Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
• Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
• Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
• ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.