Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 7

2022-07-18 12:03:15 Баяғыда данышпан біреуден, әлдекім, қазақта «жігіт-мігіт» деп қосақтала айтатын сөздер бар, солардың «жігіті» кім? «мігіті» кім? деп сұрапты; сонда, данышпан, – «жігіт» деп сөзіне тұрақты, ойға алғанын орындамай тынбайтын, сол бетінде өжет, қайратты, өлмей ар-намысын жібермейтін адамды айтады; ал, «мігіт» деп күн көргіш еркекті айтады депті. Маған осы екеуінің қайсысы болған жөн, апа?..

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"

@kitapuzindisi
2.0K viewsAssel Baqbergenqyzy, 09:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 15:31:15 Әрбір әйел танылмаған планета. Жай ғана планета емес, әрқайсысы мұңлы планета. Бүкіл дүние жүзінің ұлы ғалымдары жиналып, әйтеуір бір кезде әлемнің құпияларын ашуы мүмкін, ал бірақ ешқандай ғылым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының құпиясын аша алмайды. Әйел жаны әрқашан жаралы. Өйткені ол таза да нәзік жаралған, сондықтан ауруға тез шалдығады. Әйел жанын таза сақтайтын қоғам жер бетінде әлі құрылған жоқ, оған дақ түсірмей, аялай білетін еркек әлі туылған жоқ. Жаман әйел болмайды, біз оны қолдан жасаймыз. Арал теңізінің суы тартылып, тұзы молайғанда әсем ақ шабақтар жан сақтау үшін түрі мен түсін өзгертіп, балшыққа кіріп тіршілік етеді екен. Біз суы азайып, тұзы молайған теңіз сияқты, әйелдерімізді дөрекілендіріп алғанбыз. Біз олардың алдында олардың өліп бара жатқан нәзіктігі мен тазалығының алдында мәңгі бақи айыптымыз. Сол қасиетті тұншықтырғанымыз үшін біз күнәһармыз. Жаман әйел жоқ. Ең арысы жалмауыз кемпірдің де арғы тегі әйел, үңіліп қарай білсең ол да жетіскенінен жалмауыз кемпір болып жүрген жоқ, оны да осы халге түсірген біз, өзіміз, мына ит тіршілік.

Дулат Исабеков "Өкпек жолаушы"

@kitapuzindisi
842 viewsAssel Baqbergenqyzy, 12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 15:01:48 Адамда аурудың түрі көп. Соның бәрінен жаманы — мансап ауруы болса керек. Мансап жолында айтыссаң айтыс, тартыссаң тартыс, бірақ жауығудың, өштесіп, бет көріспестей болудың не керегі бар? Өсер елдің баласына келіспейтін кесел ғой ол!

Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе"

@kitapuzindisi
865 views12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 14:17:56 – "Құл", "күң" деген сөз қазақта кемсініп айтылатын сөз екені рас қой, апа?

– Солай айтылуға тиісті!

– Неге?

– Олар, не жаугершілікте тұтқын болып келеді де, не біреуден біреу сатып алады.

– Сатып алмай құл да, күң де болмайтыны рас қой, апа? – деді Шоқан әдейі шегелеп.

– Оның несін қайталап сұрай бересің?

– Сұрайтыным: біз – "қазақ" атаулы күңнен туғандармыз!

– Астапыралда!.. Неге?..

– Қазақта қалың малға сатылмайтын қыз жоқ. Солардың бірі – өзіңсің!

– Мен де күңмін бе сонда?

– Әрине! – деді Шоқан түрегеп, ерсілі-қарсылы жүре бастап.

– Балам-ау,– деді Зейнеп, Шоқанның бұлай деуін күлкі көріп,– мендей күң бола ма?!

– Тұрмыс жағынан сенің күң емесің рас, апа! Өйткені, сен хан тұқымы – аға сұлтан Шыңғыстың әйелісің, атақты Шорман бидің қызысың...

– Ендеше, не айтып отырсың? Әкең маған да қалың мал төлеген!..

– Айтатыным: қазақ әйелдерінің бәрінің маңдайы, сен сияқты теңін тауып жарқырай бермейді. Қалың малдың күшімен, көп қатынның бірі болып кете баратын, кәрі шалға, кемтарларға сатылатындар аз ба?

– Құдайдың бұйрығы ол! – деді, бұл сөзден тосылған Зейнеп.

– Құдайдың емес, қалың малдың бұйрығы, апа! Осы бұйрықтың тамырына балта шабу керек.

– Кім шабады оны?

– Мен!

– Қалай, ақымақ балам-ау?!

– Қалың малсыз қатын алуды, сүйгеніме қосылуды қазақта бірінші болып бастаймын да, өзгеге үлгі көрсетем!

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"

@kitapuzindisi
933 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 08:45:06 Жезқазғандық ғалым Ғұзыхан Ақпанбек «Қазақтардың дүниетанымы» еңбегінде киіз үйдің ғажаптығын ғылыми негізде әдемі баяндайды.
Керегенің бір қанатындағы желілер 14 ересіннен, 9 сағанақтан, 9 балашықтан тұрады. Алты қанат үйдің сағанақтары мен балашықтарының саны – 108. Бұл сан ежелден аспан саны болып есептеледі... Үй сыртынан айналдырыла тартылған белдеу – аспан белдеуі – зодиактік шеңбер. Шаңырақ шеңбер тәрізді тоғыннан және күлдіреуіштерден тұрады. Күлдіреуіштер парабола тәрізді иіледі. Түндік жабылған шаңырақтың айналу параболоиды. Бұл пішін көк күмбезінің кішірейген бейнесі. Түндік шаршы тәрізді жасалады да, әлемнің төрт бағытын нұсқап тұрады.
Енді уық санына назар аударайық: 45, 60, 72, 90, 120. Бұл сандардың барлығы 360-ты қалдықсыз бөледі.
Күн тұсау бойы, шідер бойы, арқан бойы көтеріледі. Осы өлшемдер шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген жолынан көрінеді, уық санымен есептеледі. Басқаша айтсақ, уақытты 1-5 минутке дейін дәл өлшейтін күн сағаты. Уықтары конусты жасаушылар деп есептесек, төбесіндегі бұрышы 108 градусқа жуық болып шығады. Жоғарыда айтылған аспан саны тағы да кездеседі.
Ғұзыхан Ақпанбектің бұл сипаттауына қосып-аларымыз жоқ,тек 108 саны – аспан саны туралы бір ғана мәліметті келтіре кетсек дейміз. Бұл санды түркілер ғана емес, шығыс халықтарының біразы қастерлеген. Мәселен, жапондар адамның денесіндегі сүйектің саны 108 деп біліп, пенденің Көкпен осылай үйлескеніне сенген. Сол 108 сүйекті қайта жинаса, өлген адам тіріледі деген түсінік болған.
Ғибадатханаға кірер алдында барабанды 108 рет ұрған. Біздіңше, 108 саны – аспан құрылымының 108 дәйегі. Адам денесіндегі 108 сүйек – сол 108 дәйектің жан иесін де жетілдіруге жүргенін, оның барлық жанды-жансыздың құрылу, түзелу шарты екенін аңғарғандай боламыз.
Анығында. Тәңірлік ұғымда адам кіші әлем болып саналады. Ал кіші әлемнің барлық болмысы – үлкен әлемнің көшірмесі. Сол кіші әлем – адам тас обалар мен киіз үй арқылы үлкен әлеммен сәтті жалғасып, сәт санап, тілдесіп, астасып отырған.

Алдан Смайыл. Саяси-әлеуметтік публицистика.

@kitapuzindisi
1.1K views05:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 07:01:16 "Пендемiн ғой!" – дейтiнмiн өз арымның алдында ақталған болып. “Бұл пендешiлiк емес, нәпсiқұмарлық! – дейдi iшкi ойым. – Сен құлсың. Нәпсiнiң құлысың! Азат емессiң! Егер нәпсiңдi тыймасаң, өмiрден құл боп өтесiң. Адам еркiндiктi сүймей ме?!.. Сондықтан нәпсiңдi тый! Нәпсiңнiң патшасы бола бiл!.."

Думан Рамазан "Жаралы аққу"

@kitapuzindisi
1.0K views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 05:20:01 Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,
Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет – үш арысты бір түнде,
Арамыздан ап кеткен «Үш әріппін» десеңші.

Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші,
Самара асқан составпен астық едім десеңші.
Өзіме өзім, дүние-ай, қас қып едім десеңші,
Қырып салған халқымды аштық едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, нар едім ғой десеңші,
Бақ дәулетті шашуға бар едім ғой десеңші.
«Кемелденген кездерде» елу миллион болып,
Құла түзде мыңғырған мал едім ғой десеңші.

Қазақ едім дегенше, дарын едім десеңші,
Әуелетіп «Айдайға» салып едім десеңші.
Бойдан қуат кеткенде, ұл қызыммен қоштасып,
Қарттар үйі алдында қалып едім десеңші…

Қазақ едім дегенше, өліп едім десеңші,
Басындағы әркімнің бөрігі едім десеңші.
Шәкәрімдей шыңырау тектілерді шыңғыртып,
Алпыс жылдай архивке көміп едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші,
Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші.
Мың жылда бір туатын Мұқағали секілді,
Алыбымды «абайсыз» өлтіріп ем десеңші.

Қазақ едім дегенше, нағыз едім десеңші,
Шаш-етектен талайға қарыз едім десеңші.
Қолым «қышып» кеткенде, ер азамат үстінен,
Астанаға жазылған арыз едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, дінсіз едім десеңші,
Қазақ едім дегенше, құнсыз едім десеңші.
Өзбегіңе мал сатып, шашлығын сыраға,
Қосып жеген дүние ай, мұңсыз едім десеңші.
Қазақ едім дегенше…

Табылды Досымов. Қазақ едім дегенше.

@kitapuzindisi
1.5K views02:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 19:57:37 Елімізде әнші балапандардың бағын ашқан конкурстар аз емес. Солардың бірі — «Қазақстан дауысы. Балалар» жобасы. Бүгінгі қонақтарымыз аталмыш жобаның финалисі — Шерхан Арыстан мен оның тәлімгері Жұбаныш Жексенұлы.

Жұбаныш Жексенұлы Ninety one тобының әндерін неге тыңдамайды?! Жас бала Шерханның көрген түсі мен тойға шыққан әншілер туралы әңгіме өрбіттік.
1.3K views16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 15:00:42 Барак Обаманың анасы американдық еврей келіншек – Стэнли Энн Данхэм бойжеткен – кениялық жігітпен кездесіп, көңілі құлап, отбасын құрып, көп ұзамай кішкентай Барак дүниеге келеді. Дәм-тұзы жараспай көп ұзамай ажырасып кетеді. Қарадомалақ Барак анасының әлдиімен өседі. Ес білгеннен – ержеткенге дейін: «Балам, білімді болсаң ғана жарыққа шығасың, адам боласың», – деп құлағына құйып шаршаған. Барак анасының ақылымен, жетелеуімен, желкелеумен орта білімді үздік тәмамдап, қиналып жүріп елдегі ең мәртебелі университетті жоғары балмен бітіреді. Жетілу, кемелдену, іздену қалыбы әкесінен емес, жатырынан ауысқан.

Дүкенбай Досжан "Анасы жақсы адамдар"

@kitapuzindisi
1.5K views12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 07:01:14 Мен саған гүл сыйлайын — өзімді қосып. Сен маған Уақыт сыйла — сезімді қосып. Жарай ма, жаным?..

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

@kitapuzindisi
1.6K views04:01
Ашу / Түсініктеме