Get Mystery Box with random crypto!

Әрбір әйел танылмаған планета. Жай ғана планета емес, әрқайсыс | Кітап үзіндісі

Әрбір әйел танылмаған планета. Жай ғана планета емес, әрқайсысы мұңлы планета. Бүкіл дүние жүзінің ұлы ғалымдары жиналып, әйтеуір бір кезде әлемнің құпияларын ашуы мүмкін, ал бірақ ешқандай ғылым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының құпиясын аша алмайды. Әйел жаны әрқашан жаралы. Өйткені ол таза да нәзік жаралған, сондықтан ауруға тез шалдығады. Әйел жанын таза сақтайтын қоғам жер бетінде әлі құрылған жоқ, оған дақ түсірмей, аялай білетін еркек әлі туылған жоқ. Жаман әйел болмайды, біз оны қолдан жасаймыз. Арал теңізінің суы тартылып, тұзы молайғанда әсем ақ шабақтар жан сақтау үшін түрі мен түсін өзгертіп, балшыққа кіріп тіршілік етеді екен. Біз суы азайып, тұзы молайған теңіз сияқты, әйелдерімізді дөрекілендіріп алғанбыз. Біз олардың алдында олардың өліп бара жатқан нәзіктігі мен тазалығының алдында мәңгі бақи айыптымыз. Сол қасиетті тұншықтырғанымыз үшін біз күнәһармыз. Жаман әйел жоқ. Ең арысы жалмауыз кемпірдің де арғы тегі әйел, үңіліп қарай білсең ол да жетіскенінен жалмауыз кемпір болып жүрген жоқ, оны да осы халге түсірген біз, өзіміз, мына ит тіршілік.

Дулат Исабеков "Өкпек жолаушы"

@kitapuzindisi