Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 5

2022-07-27 08:01:44 Бұл қаланың «Қызылжар» аталатын себебі Есіл өзенінің топырағы қызғылт түсті жарына орнағандықтан екенін білеміз. Қаланың орнына алғашқы қазықты 1745 жылы Петр және Павел аталатын ағайынды екі кісі қаққаны, содан қаланың орысша аты – Петропавел болып кеткені де мәлім.

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"

@kitapuzindisi
681 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:12:24 Шетелден кірген сөздердің бәріне бірдей ретті-ретсіз неологизм, балама іздеп әуре болудың еш жөні жоқ. Ол тек тілді шұбарлайды, лайлайды, көмескілендіреді, анекдот, мазаққа айналдырады. Мүсірепов айтқан «тілбұзаризмге» әкеледі. Жаңа сөз жасаймыз деп, барымыздан айырыламыз, жұртты әрі-сәрі қылып, ана тілінен бездіреміз.

Герольд Бельгер "Қазақ дәптері"

@kitapuzindisi
780 viewsAssel Baqbergenqyzy, edited  09:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:50:12 Ағатай, айтыңызшы! Бұ күнгінің адамдары бар шаруаны былай ысырып қойып шетінен жазушы боп кеткен бе, айтыңызшы!..

Дүкенбай Досжан "Сөз киесі"

@kitapuzindisi
804 viewsAssel Baqbergenqyzy, 08:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 19:05:57 Алға қойған мақсатыңыздан тайқып, күдеріңізді үзе бастағанда, шыдамдылық танытыңыз. Көп жағдайда адамдар сынақтың қырқына шыдап, қырық бірінде артқа қайтады.

Дәулет Төлеутайұлы "Бизнеске бағыт"

@kitapuzindisi
616 viewsAssel Baqbergenqyzy, 16:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 08:00:09 Кеңес дәуірлеген тұста пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалиссаламды құбыжық қылып, мазақтап, жаратпайтындай жағдайға алып келді. Тіпті оның атын айтуға да қорқатын едік. Ал шындығында ол – үлкен ғалым адам. Оның артына қалдырып кеткен мұрасы – «Мыңбір хадисінде» қаншалықты ғалым екендігі айқын аңғарылады. Мысал үшін, ол ғылымды, білімді бірінші орынға қойған адам. Білім туралы хадисінде білім екі түрлі болады дейді, біреуі – жүректегі білім, ол өте пайдалы; екіншісі – тілдегі білім, ол таңда, тәқір алдында пенденің күнәсіне дәлел болады дейді. Сонда түсіне білген адамға құр әншейін, жүрекпен қабылдамаған нәрсені білім деп айтуға болмайды деп тұрған жоқ па; құр жаттанды нәрсе білім бола алмайды, ол тілде ғана бар, жүректе жоқ, жаттанды дүние. Кейінгі кезде жаттауға әуес боп кеттік, ақыл, ой, жүрек деген нәрселерді алып тастаймыз, біздің біліміміз тілдің ғана ұшында жүреді.

Мұхтар Арын "Бес анық"

@kitapuzindisi
583 viewsAssel Baqbergenqyzy, 05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 07:01:49 Жалпы, Алла – әрқайсысымыздың жүрегімізде деген мәселе. Адамның арына, ұятына сену керек. Осы Аллаға сену ұлғайып барады-дағы жалпы сенім деген сезімді тудырады. Осыдан барып басқа сенім түрлері шығады: болашаққа сену, адамның белгілі бір қасиеттеріне бас иіп сену, адамға сену, баланың әкеге, әкенің балаға сенуі. Адамаралық күнделікті тұрмыста сенім дегенің адамға қуат беретін күш. Адам мен адамды жақындататын, адамды біріне-бірін танытатын, жақсыға сеніп, жаманға сенбеуді ажырату үшін де керек нәрсе бұл. Сондықтан иман деген нәрсе, иманжүзділік дегенің сеніммен байланысты. Діннің қуатты, күшті жері – адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу.

Мұхтар Арын "Бес анық"

@kitapuzindisi
708 viewsAssel Baqbergenqyzy, 04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 08:01:23 "Жер бетінде жасаған бүкіл шарапаты мен кесапаты салмақтанар, таразының басына түсер" дейді, ә! Беу, аспан, сонда сенде әділеттік болғаны ма?! Түбінде әр нәрсенің бір сұрауы болғаны ма?! Бәсе, сұрауы жоқ нәрсе болушы ма еді? Бәрінің де сұрауы бар. Шымшықты нақақ өлтірдің бе — сұрауы бар. Бір күні жауап бересің! Әлсізге қиянат жасадың ба — сұрауы бар. Жауап бересің!

Смағұл Елубай "Жалғыз"

@kitapuzindisi
1.4K viewsAssel Baqbergenqyzy, 05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 07:01:33 "Байлық та емес, билік те емес, атақ та емес адамды құтқаратын... Адамды құтқаратын адамға деген аяушылық!" — дейді іштен бір айқай. "Өрмекшінің торындай талай тағдырлар шатысқан адамдар тірлігіне аспандағы жалғыз күндей сәулесін таратып, ұлы тіршілікті қозғап тұрған сол сезім — Аяныш!" — дейді әлгі айқай.

Смағұл Елубай "Жалғыз"

@kitapuzindisi
1.4K viewsAssel Baqbergenqyzy, 04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 12:19:19 ... Ол сені көп арасынан суырып алып, әмірші етті. Бірақ бұның рақым, не жаза екенін ешкім айта алмайды. Өйткені, биліктің жолап кеткен адамның ырқын шырмап-матап тастайтын қасиеті бар. Билікке жету үшін асқан батырлықтың қажеті де жоқ. Көбінесе ол уысқа кездейсоқ түседі. Оны өзгенің қолына ерікпен беру ғана ерлік болып саналады. Барлығымыз Жаратқанның құлымыз. Ал ортамыздағы ең тәуелді, құлақ кестісі – патша. Сен құлдық пен биліктің арасы алшақ еместігін түсінуің керек. Пенделер әлемінде патшалар тумайды.

– Жоқ, шал. Алла әділ. Ол таққа отырғызу үшін ерік-жігерімді матап, ұзақ сынады, – деді Махмұтдин. Бар азабына төзіп, әмірін екі етпейтінге ғана билік беруге болатынын Жаратқан анық біледі.

– Билік қорқаққа керек, – Вэй жауап қайырды. – Ол өзін төмендететін ортадан сескенетін адамға ғана пайдалы. Бүгін Алла сені таққа отырғызды, ал ертеңгі күні өз шаштаразыңнан да үрейленетін бейшара күйге түсесің. Жазадан қашып құтылған патша аз.

Герольд Бельгер "Қазақ дәптері"

@kitapuzindisi
1.7K viewsAssel Baqbergenqyzy, 09:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 12:05:44 Ох, шіркін! Адам өмірден тек бала болып өтсе! Ойын-күлкімен өтсе! Өмірге қалай келіп, қалай кеткенін білмей қалар болса!

Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"

@kitapuzindisi
1.6K viewsAssel Baqbergenqyzy, 09:05
Ашу / Түсініктеме