Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 6

2022-07-23 12:05:21 — Шын жақсы көрген адам... қасіретке түскен қосын жалғыз тастамау керек. Әйел мен еркек етек басқа да... былай терезесі тең дос, бір-біріне серік, сүйеніш болуы керек емес пе?

Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"

@kitapuzindisi
1.6K viewsAssel Baqbergenqyzy, 09:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:43:48 Біз тым-тым тоқ көңіл, мамыражаймыз. Арамызда қаншама көп жақсы адамдар жүр. Қайтейік, байқай бермейміз, тіпті біле тұра менсінбей қоямыз. Бір-бірімізді тек өлген соң ғана жақсы көріп, батыл мақтай аламыз.

Оралхан Бөкей "Аспирант қыздың тракторшы жігіті"

@kitapuzindisi
1.2K viewsAssel Baqbergenqyzy, 10:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:42:55 "Тек жүрсең, тоқ жүресің". Апыр-ай, бұл не дегені? Жалғасы тағы бар: "Домаланып көп жүресің". Адам боп туған соң тек жүрудің несі сән? Тек жүріп, неменесіне жетісесің? Тек жүрсем деп, өркениет атаулыдан құр қалмайсың ба? Ал тоқ жүру – бірден-бір мақсат, арман болып па? Қарынды қампитып, ықылық атып жүру ме? Тоқтық көбінесе малға жараспай ма? Міне, пәлен жылдан бері қазақ тек жүр, бірақ тоқ жүргені қайсы? Бір миллиардер шығу үшін бір миллион қазақ тақыр кедей болу керек пе? Әрине, тойып секіріп жүргендер баршылық, ал халықтың дені тоңып секіріп жүрген жоқ па? Миллиардеріміз бар деп бөркімізді аспанға атамыз. Жеті миллиардеріміздің үшеуі ғана қазақ, қалған төртеуі - өзге милләттің өкілдері. Сонда тек жүріп, қазақтың шыққан мүйізі қайсы?

Герольд Бельгер "Қазақ дәптері"

@kitapuzindisi
1.2K viewsAssel Baqbergenqyzy, 10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:39:40 ...Қалың ну орманда аю жұмыс таба алмай, біраз сандалып жүріп, әзер дегенде қоянның қызметіне орналасыпты. Ісі – аюдікі, жалақысы - қояндыкі. Сүйтсе, ит тұмсығы өтпейтін көрші тоғайда бір пысықпай, жылтықай қоян аюдың тағына қонжиып отырып алыпты. Ісі – қояндікі, жалақысы – аюдікі. Қалай ренжімессің?! Қоянның қызметін атқарып жүрген аю намысына мініп, Орман басқармасына арыз түсіреді. "Оу, бұларың қалай, бауырлар? Әділдік қайда?" Іле-шала аюдың арызын тексеруге комиссия келеді. Шетінен арыстандар екен. "Ей, қоян! Сен аюсың ба?" "Аюмын" "Құжатыңды көрсет!" "Міне!" Құжатта қоянның аю екені расталып, мөр басылған екен. Комиссия көрші тоғайға аттанады. "Ей, аю! Сен шынында да аюсың ба?" "Аюмын" "Құжатыңды көрсет!" "Міне!" Комиссия қараса, құжатта аю қоян болып тіркеліпті, мөрі қойылған екен. "Ей, аю! Сандалма! Жұртты шатастырма! Сен нағыз қоян болып шықтың!"

Аңқау аю желкесінен қасиды. Не істейсің? Аю болсаң да, құжат бойынша қоянсың.

Сүйтсе, комиссия мүшелері арыстан болып жазылса да, кілең есектер екен.

Ал сол аю болып жазылған қояндар, арыстан болып тіркелген есектер біздің шенеуніктер арасында жоқ деп кім айтады?

Дүкенбай Досжан "Анасы жақсы адамдар"

@kitapuzindisi
1.1K viewsAssel Baqbergenqyzy, 10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 06:30:23 Тектілердің қатарын сиретіп, қасиетінен айырудың түбі немен тынарын Үмбетей жырау да ерте болжады.

Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.
Хан болмаған хан болса,
Қанамаған ел қоймас, –

деп күңіренді.
Бұл өзіміз куә болған кеңестік жетпіс жылдың айна-қатесіз көрінісі еді? Талай тексіз ел мен жерді астындағы тағына, қолындағы жөн-жосықсыз бағына сатып, діңкені құртып біткен жоқ па? Сор маңдайға біткен сондай сан тексіздің әлі күнге кежегесі кері тартып жүр емес пе?!

Алдан Смайыл. Саяси-әлеуметтік публицистика.

@kitapuzindisi
494 viewsDuman Askaruly, 03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 05:25:01 Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?
Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар,
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
Қандай едің, қара кейін қайырылып,
Қандай едің, тұрсың одан айрылып.
Мүгедек боп қос қанатың майрылып,
Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!
Мұны құр бос өлең десең, өзің біл.
Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл.
He болса да көнем десең, өзің біл,
Босағада жүрген құлша, елім-ай!
Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?
Тіл амасаң, кетпеймісің жоғалып?
Қайтер едің еткен дәурен оралып,
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай?
Сол күніңді көрсем - менің арманым,
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.
Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!

Міржақып Дулатов. Елім-ай!

@kitapuzindisi
604 viewsDuman Askaruly, 02:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:30:16 "Шынында, қазақтың бұл күнгі қызметіне қатысып отырған азамат қазақ елін қай қызметімен қанағаттандырады? Қандай еңбек, қандай өнер, қай ісімен ризалайды? "Мен мынаны істегенім жоқ па, мынадай үлгі, пайдалы істі ортаңа орнатқам жоқ па?" деп қай қызметімен елдің аузын буады? Мен осы сауалдарға жауап таба алмаймын..."

Мұны кім айтты? Мұхтар Әуезов. Қашан? 1921 жылы. Қайда? "Қазақ қызметкерлерінің міндеті" деген мақаласында. Арасына 86 жыл салып (21.03.07), бұл сұрақтарға мен де жауап таба алмай отырмын. Сол мақаладан тағы бір үзік ой: "Әрі надан, әрі әлсіз, айласыз, көмексіз елге қызмет қылу, басшы болу міндеті мойныңа мінген соң оның барлық кемтарына ем іздеу, жетпегеніне жалғасу – азаматтың міндеті".

Сол міндет – бүгінгі күннің міндеті болып қалған жоқ па?

Герольд Бельгер "Қазақ дәптері"

@kitapuzindisi
1.1K viewsAssel Baqbergenqyzy, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 15:31:05 Матeматикада қалай eкeнін білмeймін, ал өмірдeгі eң мықты ақиқаттың дәлeлдeнуі тұрпайы әділeтсіздікті танудан басталады.

Валентин Распутин "Француз тілінің сабақтары"

@kitapuzindisi
1.1K viewsAssel Baqbergenqyzy, 12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 05:25:01 Тәңірлік сенім қасиетінің бірі – тектілік. Тектілік деген киелі ұғым – ертеден қалыптасып, жігіттің сынын, аталы елдің қадір-қасиетін айқындап келе жатқан нышан. Тегін жоғалтқан түгел жоғалатынын, түбінен айырылғанның түгі қалмайтынын бүгінгі заман айқындап берген жоқ па? Қазақ жан сүйсіне риза болудың белгісін «Е, ол текті атаның тұяғы ғой, сүйегі асылдығына басады да» деген төркіні түгел төбе сөзбен білдірген. Түңілу мен түршігу «тексіз неме емес пе, одан не үміт, не қайыр» деген тірідей көмер суық сөзбен сездірілген. Азаматқа алғашқысын естуден артық мәртебе, соңғысын естуден өткен қорлық болмағандай.
Бұдан ұғар сыр мынау: әкенің тексіздігі – балаға сор, баланың нашарлығы – ата-бабаға сор. Тегінің ар-намысын ойлаған жігіт арғы-бергі үрім-бұтағының қамын қатар күйттеп, жанын арына садаға етер еді.

Саяси-әлеуметтік публицистика. Алдан Смайыл.

@kitapuzindisi
1.4K viewsDuman Askaruly, 02:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:30:36 Әурелікке жаралған фәни адам,
Бақ пен сордың арасы — бір-ақ қадам!

Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе"

@kitapuzindisi
1.7K viewsAssel Baqbergenqyzy, 12:30
Ашу / Түсініктеме