Get Mystery Box with random crypto!

Барак Обаманың анасы американдық еврей келіншек – Стэнли Энн Д | Кітап үзіндісі

Барак Обаманың анасы американдық еврей келіншек – Стэнли Энн Данхэм бойжеткен – кениялық жігітпен кездесіп, көңілі құлап, отбасын құрып, көп ұзамай кішкентай Барак дүниеге келеді. Дәм-тұзы жараспай көп ұзамай ажырасып кетеді. Қарадомалақ Барак анасының әлдиімен өседі. Ес білгеннен – ержеткенге дейін: «Балам, білімді болсаң ғана жарыққа шығасың, адам боласың», – деп құлағына құйып шаршаған. Барак анасының ақылымен, жетелеуімен, желкелеумен орта білімді үздік тәмамдап, қиналып жүріп елдегі ең мәртебелі университетті жоғары балмен бітіреді. Жетілу, кемелдену, іздену қалыбы әкесінен емес, жатырынан ауысқан.

Дүкенбай Досжан "Анасы жақсы адамдар"

@kitapuzindisi