Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 2

2022-08-23 07:31:12 – Ей, қалам ұстаған, қаламдас бауыр-қарындастарым, Халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерің қараң! Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер!

Мұқағали Мақатаев "Күнделік"
4.2K views04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 11:13:57 М.Шахановтың Шыңғысхан туралы жақсы пікірде емес екені мәлім. Көптеген мақалалары мен сұхбаттарында ол Шыңғысханды "соғысқұмар", "қанышер" деп жазғырған пікірлерімен Көпен Әмірбек келіспей, өзінің мақалалары мен күлдіргі әңгімелерінде ақын ағасының атына бір-екі рет наз айтқан екен.

Оған ренжіген Мұхаң Көпенге
- Әй, бала! Сен неге маған тиісе бересің?! - десе Көпен
- Ал, сіз менің Жездеме неге тиісе бересіз?! - депті.

https://t.me/kitapuzindisi
4.3K viewsedited  08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 08:01:01 — Жұрты құрғыр кісіге жақсылық ойлаушы ма еді? Сен мал тауып байып бара жатсаң, көре алмайды. Өнебойы жұрттан қорқамын деп, сыбағаңнан құр қалып жүрме, арсыз болмай — абыройлы болмайсың деген!— деп, өмір бойы айтып көрмеген өсиетін баласына енді айта бастады.

Мұхтар Әуезов "Оқыған азамат"
4.1K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 07:31:09 Біз – әртіспіз!
Біз – әншіміз!
Ақынбыз...
Ойнап жүріп ақылдымыз,
Ойнап жүріп батырмыз.
Ойнап жүріп көріктіміз,
Ойнап жүріп жақынбыз...
"Жер" аталған үлкен-үлкен пәтерді
Жалға алып, өмір сүріп жатырмыз.

Назира Бердалы "Сүйген жүрек "
3.9K views04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-21 08:00:49 Әр әйелдің өз тағдыры бар, әр әйелдің жүйкесін жегідей жейтін өз қайғысы болады екен, әйел тек төзе беру керек, төзе беру керек екен ғой...

Бибігүл Иманғазина "Тауқымет"
4.2K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-21 07:30:22 Фидель Кастро атам коммунисттердің сөзін түзеп айтқаны бар. Дін емес, дұрыс түсіндірілмеген дін — халықтың апиыны. Әйтпесе, діннің тағылымынан адамзат баласы толеранттылықтың 80-інші баспалдағына әлдеқашан көтерілулері керек еді :(

Садық Шерімбек "JÜZ"
3.9K views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 08:00:41 Бір кісі аты аңызға айналған қаһарман Бауыржан Момышұлынан:
– Бауке, айтыңызшы, жер бетіндегі ең батыр адам кім өзі? – деп сұрапты. Сонда батыр атамыз еш ойланбастан:
– Жер бетіндегі ең батыр жан – қыз баласы, – деп жауап берген. Оның мәнісін сұрағанда былай түсіндіреді:
– Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елде бір сағат та тұрғым келмей, бойымды үйретуге жүрексініп қашамын. Ал қыз барған жерінде өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіре, сыйлата да алады, қаймықпастан ұрпағын көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді, – деген екен.

Хадиша Ермекқызы "Ана болуға дайындық"
4.9K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 07:30:01 Қолымды жұмсақ ұстап, қайта-қайта қысып айырылды.
– Жақсы көрген кісінің тілі айта алмаған нәрсені, көбінесе, қолы айтады ғой. Сен оны байқадың ба, Камила?

Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілек"
4.2K views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 08:01:59 "И-и, Алла, бергеніңе шүкір" деп қорлықтың бәріне төзіп, көніп, бес мезгіл тәубеге келеміз. Мен білер қазақ тамұқта отырса да, "И-и, Алла, бергеніңе шүкір!" – деп тәубе етеді.

Герольд Бельгер "Қазақ дәптері"
4.5K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 08:02:00 Ей, балам, ақша жүрген жерде әділетке, адалдыққа орын жоқ, – деп бұрынғылар бекер айтпаған.

Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"
4.8K views05:02
Ашу / Түсініктеме