Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 8

2022-07-15 05:26:19 Сонымен Көк Тәңірі, Күнге табыну таза далалық ілім дейміз. Сол даланың дана перзенті Заратуштра аспан денелерін, ғарышты кемеңгерлікпен зерттей келе «Жетіқат» ұғымын туғызды. Ғарыштың жеті белдіктен тұратынын анықтады. Олардың, яғни Жетіқаттың жеті иесі бар. Бұлар: Санжар (Сатурн), Шоңай (Юпитер), Аңырақай (Марс), Шолпан, Болпан (Меркурий), Күн мен Ай. Осы жеті планета жиылып келіп Көк Тәңірі құдіретін құрайды.
Тәңір дінінде жеті санының ерекше қасиеттелуі осыдан. Дүние салған адамның жетісін беру – оның рухын жеті планетаның қамқорлығына тапсыру. Ата-баба рухы үшін немесе қайғы-қазадан соң жеті нан атау – сол жеті аспан денесінен қайырымдылық тілеу. Осы жерде жеті планетаның, Жетіқатқа сену мен оның жаратылысқа, сана мен қанға әсерін терең білудің тағы бір кереметі келіп шығады. Жеті планета – жеті иеден жеті ұрпақ туып, өсіп-өнбей, яғни жеті ата өтпей қан араластырмау кемеңгерлігі туған. Осы ілім, осы сыр біздің жан мен қан тазалығымызды, сол арқылы рух пен сана тазалығымызды мәңгілік сақтап келеді.

Алдан Смайыл. Саяси-әлеуметтік публицистика.

@kitapuzindisi
44 views02:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:00:26 Адам шіркін мейірімге зәру. Дүниедегі небір қатыгездік, қаныпезер, тасжүрек, мейірімсіздік сол ана сүтімен қоса мейірлі шуақ, жылы сезім жетіспегендіктен шығатын шығар. Әсіресе нәресте ана сүтімен ауызданбағаны қандай қиянат?!

Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе"

@kitapuzindisi
794 viewsAssel, 12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 07:00:16 Алматыдағы "Ақ жауын" ансамблінің әншісі Тамара Жанқұлова туған елі Ақтау қаласына қыдырып барғанда көлік апатына ұшырайды. Қаншама уақыт ессіз жатқанын білмейді. Ауыр операциядан кейін бір аяғынан айырылып барып зорға қатарға қосылады. Кейін арбамен жүретін хәлге келгенде дәрігерлер "Халың қалай, әнші қыз?" — деседі. Үйткені, Тамара алғаш комадан шығып есі кіргенде әндетіп ояныпты.

Сонда айтқан әнінің сөзі "Қайран қайғысыз, қамсыз күндерім, Сайран сауықты рахат түндерім" деп келетінін дәрігерлер естеріне түсіреді. Тамара болса, мұндай сөзі бар әнді бұрын айтқанын есіне түсіре алмайды.

Бір жылдан кейін аяғына тұрып, Ақтаудағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніне жұмысқа орналасады. Бірде кітапханаға барып, әртүрлі өлең кітаптарын қарап отырып, Шәкәрімнің өзі білмейтін, бірақ есеңгіреп жатып айтқан әнінің сөзін кезіктіреді. Режиссерге келіп, сол өлеңді тапқанын, енді оған ән шығарғысы келетінін айтса, ол бұл өлеңнің әуенді сазы бұрыннан бар айтып, оны табуға көмектеседі.

Әнді үйреніп алып айтып жүргенде өзі бұрын білмейтін әнді ессіз жатып қалай айтқанына таң-тамаша болады. Әннің сөзіне мән беріп оны нақышына келтіре айтқан сайын бойы сергіп, ой өpici өсіп, жігер-қайраты артқанын сезе түседі. Ойлана, толғана келіп, қауіпті апаттан аман қалуыма осы ән себепкер болар деп жориды. Егер үлкен сахнаға шығатын сәт болса осы әнмен шығуды мақсат етеді. "Ол мені өмірге әкелді. Мен оны өнер биігіне шығаруға тиіспін" деп іштей бекиді.

Тамара 2003 жылы Мәскеуге Өнер институтына оқуға барады. Таңдау, іріктеу өте қатал. Кезегі келгенде кірген Тамараға қомсына қарап "тыңдай салайық" деген сыңаймен сарапшылар төрағасы: "Өз ұлтыңның әнін айтып көр" дейді салғырт қана. Қатты толқып тұрып "Бұл ән — бұрынғы әннен өзгеректі" қалай бастай жөнелгенімді өзім де білмеймін дейді әнші қыз. Шығарманың мағынасын ұқпаса да оның сазды сарынан философиялық толғаныс көкірегіне ұялаған сарапшылардың жүзі жылып, ықылас-ілтипаты кілт өзгереді. Бірауыздан оқуға қабылданады.

Сонымен өзін екі сыннан мүдірмей шығарып өмірге, өнерге қанаттандырған әнді де, оны шығарған Шәкәрім қажыны да Тамара пір тұтатын болады.

Өзінің ең алғашқы бейнеклипін осы әнге жасайды. "Арманның ақ желкені" атты деректі фильмге де осы әнмен шығады. Ақтаудың ару қызы бұл күнде ән құдіретімен ұлы Шәкәрімге етене бауыр басып, оның киелі қасиетінің шапағатымен өнер биігіне самғауда.

Молдабек Жанболатұлы "Тобықты — Шыңғыстау шежіресі"

@kitapuzindisi
503 viewsAssel, 04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 05:36:37 Жарық болды, бозарып, міне, таң атып,
Биік тауға сәулесін тегіс таратып.
Үнсіз тоғай көгере жана бастады,
Айнадай суға көлеңқе түсіп тағы атып.
Шілденің күні ыстығымен қыздырып,
Құстар қонды қамысты көлді жаратып.
Дуадақ пақыр шөлден жалғыз қашпайтын,
Қалыңға кеп бекінді аңдар жан атып.
Кімге пайда, кімге зиян атқан таң,
Алмақшымын оқушыға сынатып.

Міржақып Дулатұлы. Таң

@kitapuzindisi
103 viewsDuman Askaruly, 02:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:01:21 — Бір өзбек, бір орыс, бір қазақ болыпты. Үшеуі де арманшыл екен. Өзбек: шіркін, Айға барып, базар ашсам дейді. Орыс: орасан арақ зауытым болса деп армандайды. Қазақ: әйелім ұл тауып, шілдехана тойын жасасам; одан сәл өте бере бесік тойын жасасам; одан өте бере тұсаукесер тойы болса; одан өте бере сүндет тойын дүркіретсем; одан өте бере мектепке барған тойын, мектеп бітірген тойын; академияға түскен тойын, оны бітірген тойын өткізсем. Содан соң үйлену тойын бес жүз адам шақырып шуылдатсам... Не керек, қазақтың арманы: той, той, той.

Шерхан Мұртаза "Тәуекел той"

@kitapuzindisi
592 viewsАssel, 12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 07:00:37 ... Бұл сырды ұққан биенің иесі ғана: "Мен білсем Ақжал мынаған шабуға намыстанып тұр. Оны биеге көзін байлап салайық" дейді. Содан Ақжалды аулағырақ әкетіп көзін байлайды да, биеге қайта әкеледі. Бұл жолы айғырлығын көрсетіп, биеге шабады. Түк ұқпаған Ақжалдың иесі ол ісін бітіріп болған кезде көзіндегі байлауды шешіп жібереді. Осы сәт өзінің не істегенін білген Ақжал екі аяғын көтере тебініп, күңірене кісінейді де тауға қарай шаба жөнеледі. Ұзақ шапқан Ақжал содан бір құздың басына шығып, жартастан өзін-өзі тастап жібереді.
– Ойпырмай, жануар, арада талай жыл өтсе де, өз анасын танып, оған шауып қойғанына қайсар адамдай қатты намыстанған текті жануар екен ау. Пай-пай, "Жылқының ақылдысында намыссыз адамнан артық ес, арлы өжеттік болады" деген рас екен-ау...

Момбек Әбдәкімұлы "Сүлеймен қарақшы"

@kitapuzindisi
585 viewsАssel, 04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 18:16:54 Байды құдай атқаны

Байды құдай атқаны -
Дәулетіне мас болар.
Ханның құдай атқаны -
Қонсысымен қас болар.
Кәрінің құдай атқаны -
Аңдығаны ас болар.

Шал ақын. Байды құдай атқаны
569 viewsDuman Askaruly, edited  15:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:02:11 Верный түрмесінде, Приходько мырзаның жалшылығында жүргенде бір күні Тұрар мырза баласы Аркашадан таяқ жеп, аузы қанап келіп еді, әкесі Рысқұл оны аяудың орнына дүрсе қоя берді:
— Жылама! Аузымды біреу ұрып қанатты дегенің не?! Әншейін, шие жеп едім де! Білдің бе?!
Мына Атамырза ақымақ: "Жәй, әншейін шие жеп едім", – деуге жарамады қазір.

Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе"

@kitapuzindisi
844 viewsА, 12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 14:36:10 Үйлену — екі адамның, әйтеуір қол ұстаса салуы емес, оның ар жағында елмен қатынас, тіпті көрші-қолаңмен қатынас деген болады.

Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе"

@kitapuzindisi
932 viewsAsel Baqbergenqyzy, 11:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 07:01:24 Оптимист деген адамның көкесі Шәкәрімдей-ақ болар. Бірақ ол, көріп отырмыз, "Мұтылған" деген терминді таңдаған. Неге? Мұның мәні терең. Қанды қанау ортада жүріп, өле-өлгенше қаламы қолынан түспеген ойшыл ақын расында да мұтылуды көксеген екен деген ой тумауға тиіс. Бұл сол кезгі заман ағымына орайлас айтылған нәрсе. Алда дәл 30 жылға созыларын білмесе де, әйтеуір, "үнсіздік" боларын көре білген сияқтанады. Сөйтіп, кемеңгердің аңсары менің жеке басым мен сүрген өмірім ұмытылса ұмытылар, бірақ қалдырған мұрам ұмытылмас дегенге саяды. Яғни ерте ме, кеш пе заман өзгереріне сенімі кәміл болған. Бәйге аларын да білген...

Асан Омаров "Шәкәрім өмірбаяны"

@kitapuzindisi
1.3K viewsAsel Baqbergenqyzy, 04:01
Ашу / Түсініктеме