Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 9

2022-07-11 17:51:15 Көркіне үйленерсің, мінезімен өмір сүрерсің.

Сайын Назарбекұлы "Ойлар, ойлар..."

@kitapuzindisi
387 viewsAsel Baqbergenqyzy, 14:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 09:01:44 Дүниедегі ең ұзақ та, ең қысқа, ең жылдам да және ең сылбыр, әмбе ешбір елең қылмайтын, сонымен бірге ең қатты өкінтетін не нәрсе? – деп сұрады.
Мен тосылыңқырап қалдым. Мені біраз қиналтқанына риза болған Панфилов жымиып, сағатын шығарып көрсетті:
– Ол мынау! Уақыт!

Александр Бек "Арпалыс"

@kitapuzindisi
1.1K viewsAsel Baqbergenqyzy, 06:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 08:01:30 Негізі краудфандинг қазақта бұрыннан бар нәрсе ғой. Асар ғой кәдімгі. Бірақ біз инфоөнімге келгенде, сараңдық танытамыз. Нақтырақ айтсам, біз білімді бағаламаймыз. Сол үшін шығар, бізге сапалы білімнің қонбай жатқаны. Ислам тарихына қарасақ, кәсіпкерлер әрдайым ғалымдардың жағдайын жасап отырған. Ғалымның фокусы тек білім-ғылымда болсын деген оймен. Білімі жоғары ғалымдарымызды қолдамаймыз. Бірақ UFC батырларына мәшіне мінгіземіз. Қызық.

Данияр Жігітбек "Қаржы қағидалары"

@kitapuzindisi
1.1K viewsAsel Baqbergenqyzy, 05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 20:42:18 Келесі жексенбі 17.06. Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Арман Әлменбеттің "Тарғыл әтеш" атты әңгімесі талқыланады.

Талқылаудан кейін бір оқырманға Харуки Муракамидің "Норвег орманы" кітабы сыйға беріледі.

https://t.me/kitaptaldau
383 views17:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 19:46:10 Кітап үзіндісі pinned «Арнаға қаржылай қолдау көрсетемін дегендер болса, мархабат:) 4400 4301 0826 3994 (Асел Т.)»
16:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 15:50:11 Арнаға қаржылай қолдау көрсетемін дегендер болса, мархабат:)

4400 4301 0826 3994 (Асел Т.)
920 viewsedited  12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:04:28 Идеальный болам деген оңбайды.

Тахауи Ахтанов "Күшік күйеу"

@kitapuzindisi
1.4K viewsAsel Baqbergenqyzy, 05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 07:01:07
Дулат Исабеков "Өкпек жолаушы"

@kitapuzindisi
1.3K viewsAsel Baqbergenqyzy, 04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 17:37:37 Әжеміз – діндар адам. Ертелі-кеш аузынан "Алласын" тастамайды. Бес уақыт намаз оқиды, ең соңында ылғи күбірлей сөйлеп: "Е, Жаратқан, ондағысына онда, мұндағысына мұнда бір Өзің медет бола көр", – деп қоятын. Онан соң жапырлай қарап тұрған бізге: "О, жаман түгелер, қане, алақандарыңды жайып көкемізді (яғни әкелерін айтып отыр) аман қыла көр деп тілеу тілеңдер", – деп бұйыратын. Біз жапатармағай қолымызды жайып: "Көкемді аман қыла көр! Көкемді аман қыла көр!" – деп әлденеше рет қайталап тілеу тілейтінбіз...

Сайын Мұратбеков "Жабайы алма"

@kitapuzindisi
1.5K viewsAsel Baqbergenqyzy, 14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 07:00:37 Адамзат жаратылысынан өзімшіл. Құдайдың уақытша пайдалануға бергенінің бәрін "менікі" дейді. "Менің жерім, менің суым...". Өмір сапары біткенде бес метр мата бұйырады, оның өзі шіріп жерге сіңеді. Дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кететінімізді түсінбейтініміз өкінішті.

Зейнеп Ахметова "Теңбіл тіршілік"

@kitapuzindisi
194 viewsAsel Baqbergenqyzy, 04:00
Ашу / Түсініктеме