Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 4

2022-07-31 09:38:24 Фейсбугі барлар кіріп лайк басып, коммент жазу мақұлданатын пост.
1.5K views06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 08:00:25 Балаң жоқ болса жоқтығы қинайды, бар болса, барлығы қинайды. Жоқтың зары мен бардың қамы – бірдей…

Бексұлтан Нұржекеұлы "Беу, қыз дәурен!"
1.6K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 13:40:18 Адам атын арқалап өмір сүру мағынасы — әркімнің қарнын немен толтырғанында емес, әр адам жанын қандай жегі жеп жатқанында.

Сайын Назарбекұлы "Ойлар, ойлар..."
1.9K views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 08:00:18 Кеште серуендеп жүріп аспанға қарауды әдетке айналдырғалы қашан. Көзіме ылғи Өмірзая түседі. "Өмірзая жұлдыз болып келем мен...". Әй, Әділ-ай, шынымен неге солай деді екен. Әлде аузына құдай салды ма екен, жазғанбаланың?..

Бауыржан Бабажанұлы "Өмірзая"
1.9K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:40:54 – Қызға намаз оқу тоғыз жастан парыз, ұлға – он үштен. Содан кейін оқылмаған намаздардың бәрі – қазаға, яғни өтеуге тиісті міндетке жатады. «Нәфіл» дегеніміз – сол. Өтелмеген нәфілім көп, өмір жеткенше өтеп кетуге тырысам, – дейтін.

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"
2.4K views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:40:52 – "Нәпсі" деген бар дейді ғой адамда?.
– Бар. Көп.
– Не нәрсе сол, шариғат ұғымында?
– Тіршіліктің тілектері...
– Ә-ә...
– "Еркіне ерсең шек болмайды дейді шариғат, оларда..."
– Жібермеу үшін не істеу керек?

Бұл сұрауларды өзінің нәпсісін қалай ұстауына арналды деп жорыған Айжан:
– Жалғыз ғана кедергі бар, ол – қанағат, – деп жауап берді. – Талай пайғамбарлар, талай әулиелер мен әнбиялар, – деп жалғастырды Айжан сөзін, – тек сол кедергіге ғана тоқырап тәубаға келген.

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"
2.2K views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:05:45 "Кемпірдің қасында әлем жұлдыздарының бейнесін еске түсіретін қуыршақ сатып, орта жастағы етжеңді әйел отыр. Байғұс әйел суықтан тоңғаны сондай, күртешесінің үлкен қалтасына қолын тығып, жылылық іздейді. Бұл әйелдің өмірінде жылылық болып па өзі? Егер қуыршағын сатып алсам, оған кішкентай жылылық сыйлар едім. «Кішкентай қызым жоқ, қуыршақты несіне сатып алам?» деп ол ойымнан да айнып қалдым..."

Аягүл Мантай
"Соқыр сана" әңгімесінен
2.0K views06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:04:52
Жазушы Аягүл Мантайдың өмірден өткеніне де бір жыл болды.
1.9K views06:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:02:00 Кітаптың «ең әулиесі» дейтін құранға, оның өкшесін баса жүретін шариғатқа бақса, ең алдымен әйелді солар қорлайды. Өйтуі емей немене? Дін кітаптарының бәрінде де бір еркектің бірнеше әйелді қатар иемденуіне болады, ал бір әйелдің бірнеше ері болуына ұлықсат жоқ. Еркектің де, әйелдің де некеден бұрыла басуын «зина» дейді, шариғатта ол – күнә. Айжанның ойынша, «бірнеше әйелі бар еркек бұрыла басып қайтеді? Ал, көптің бірі болатын әйел, бұрыла баспағанда қайтеді?..» Ендеше, шариғат оны неге қылмыс санайды?!.. Шариғаттың бұл әйелге деген бірінші әділетсіздігі.

Екінші шариғаттың айтуынша, «зина» жасаған күндерде, қиямет қайым кезінде әйелдің тартар азабы, еркектен әлдеқайда ауыр және ұзақ. Айжанның ойынша, «күнә атаулының бәрі бір емес пе? Ендеше, жазасын да неге тең тартпайды?!

Үшінші, бұл дүниедегі хұқұқ (право) жағынан әйел шариғатта жарты кісі, ал анау дүниеде тіпті теңсіз. Олай дейтіні, күнәсіз я күнәсінен арылған еркек ол дүниеде жұмаққа кіреді де, хордың қызын құшады, ал, әйел ол дүниеде өзгелер түгіл, өз ерінен де құралақан қалады... Бұл да сорақы әділетсіздік емес пе?

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"
2.0K views05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:00:28 Шынымен-ақ адамдардың жүрегі бітеу етке айналып кеткені ме? Мемлекеттік қызметкерлердің шынымен-ақ халықтың, оның бір бөлшегі болып саналатын мен сияқтылардың мұң-мұқтажына құлақ асуды қойғаны ма? Адамдарды енді түсіне бастағандаймын. Менің ішімде әлдене өлді. Адамдарға деген сенімімді жоғалта бастадым. Сондықтан қолында билігі барларға титтей де ықыласым жоқ! Араларында бір-біріне деген сатусыз, екі жаққа бірдей таза сенімі, саналы, кісілікті сыйласымы болғандықтан да адамдардың малдан айырмасы бар. Біз онсыз бір-бірімізден айрыламыз, өзімізді де, өзгені де біржола құртамыз. Жан дейтін байлықтан айрыламыз. Жансыз ештеңе жасалынбайды. Жан кеткен соң, өзіңді өлік деп есепте!

Мұқағали Мақатаев "Күнделік"
2.3K views05:00
Ашу / Түсініктеме