Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 3

2022-08-17 08:47:49
Оқырман, қолдау білдір!

@kitapuzindisi арнасын осы сурет арқылы өз достарыңызға ұсынсаңыз, біздерге де жақсы қолдау болмақ.
5.5K views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 08:46:57 Channel photo updated
05:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 08:01:45 Баспасөз беттерiнде жарияланып жүрген неше түрлi хабарлардан әлдебiр жан түршiгерлiк рухани күйреудiң нышандары сезiледi. Ал солардың бәрiне адамдардың еттерi үйренiп, тiтiркенбеуi, шiмiрiкпеуi, ештеңе болмағандай, жайбарақат жүруi одан бетер зәремдi алады. Маған олар адам өлiгiн селт етпей қолымен түртiп, қызықтап жүрген жарымес жасөспiрiмдер секiлдi елестейдi.

Газет оқудан қалдым. Бетiн ашсаң болды, не бiр сұмдық оқиғалар тасқыны сенi жаңқа ғұрлы көрмей ала жөнеледi:

Өзiнiң анасын зорлаған немесе өлтiрген...
Өзiнiң балиғаға толмаған қызын зорлаған не өлтiрген...
Сәбиiн өлтiрiп, қоқысқа тастаған келiншек...
Өз ұлына тұрмысқа шыққан миллионер әйел...
Адам етiн жеген маньяктар...
Еркекке үйленген еркектер...
Өлiкпен жыныстық қарым-қатынас жасағандар... тағы сол сияқты сорақылықтар туралы шартараптан жеткен хабарлар.

Мен бұзылған бiрдеңе жеп қойған адамдай лоқсудамын. Жиiркенiштен қан-тамырларым тас боп қатып, шек-қарыным сiресе, ышқына лоқсимын. Былғаныштан құтылар амал жоқ. Дәретхананың түбiне құлаған адамдаймын. Бәрi былғанған...

Төлен Әбдікұлы "Парасат майданы"
84 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 19:11:15 Бүгін Абат-Байтақ мавзолейінде болдым. Биылдыққа екінші мәрте келуім. Бұл жолы ішкі көрінісінен 3D панорама түсірдім. Сәл пәл қиылыспай қалған жерлері бар екен. Жоқтан жақсы. Көріп лайк басып, сұрақтарыңыз болса комменттарийге қалдыруға болатын пост
489 views16:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 12:30:01 Қоқыстың арасынан сыртқа шығу үшін басыңды көтеріп те қараған жоқсың. Бар ғаламның кереметі сенің алақаныңа сиятын еді. Бірақ, сен алақандай жерге өз санаңның ғарышын байлап қойып, бейне шопанның есегі сияқты ғұмыр кештің. Ендеше, ертең өзіңнің жастығың туралы не айта аламын деп ойлайсың? Ойланып қарашы, досым! Біздің бар миссиямыз кей ақылды ағаларымыз айтпақшы, 1 әйел 2—3 баланың нөкері болып өмірден өту ғана ма? Егер, әлі де, жастығыңнан үмітің болса, қазір-ақ орныңнан тұр да, арманыңа қарай ең болмаса жарты қадам жаса.

Садық Шерімбек "JÜZ"
1.1K views09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 08:00:55 Бір адамның басында үнемі бақыт тұра бермейді, бақытсыздық та сондай. Алла тағалам жомарт, бірақ Алла тірлік ететін, біреуге қиянат жасамайтын, адал адамдарға ғана бақыт береді. Бақыт деген өте нәзік болады, оны қадірлеп, қастерлеп ұстай алмаған адамнан бақыттың айналып кетуі оп-оңай. Шарасыздықтан шығудың жеңіл жолын іздеген адамға бақыт қайтып оралмайды. Атам ылғи да: "Өзімді алсаң ал, қанағатымды алма дейтін. Менің көзімнің жеткені – Алла тағала адамды жазалар алдында қанағатынан жұрдай етеді", – деп еді-ау.

Бибігүл Иманғазина "Тауқымет"
1.3K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:02:01 – Мeн сізбeн қалай oйнаймын?
– Нeсі бар eкeн?
– Сіз мұғалімсіз ғoй!
– Oнда тұрған нe бар? Мұғалім адам eмeс пe? Кeйдe ылғи мұғалім бoлу жалықтырып жібeрeді, oқыта бeрeсің, oқыта бeрeсің.
Үнeмі – ананы бoлады, мынаны бoлмайды. – Лидия Михайлoвна әдeттeгідeн гөрі көзін сығырайтыңқырап, oйлы жүзбeн тeрeзeгe қарады. – Кeйдe мұғалім eкeніңді ұмытып кeткің кeлeді, өйтпeйіншe, “а” дeп, “б” дeп oтырғанда, адамдарға сeнімeн сөйлeсу дe көңілсіз бoлып кeтeді. Мұғалім үшін, мүмкін, eң бастысы өзін-өзі тым тeрeң қабылдамау, oның тіпті аз ғана нәрсeлeрді үйрeтeтінін түсіну. – Oл сeргіп, тeз көңілдeнді. – Мeн кішкeнтай күнімдe тeнтeк бoлдым, ата-анам шаршайтын. Мeнің қазір дe сeкіріп, қарғып, бір жаққа жүгіріп кeткім кeлeтін сәттeрім жиі бoлады, сабақ кeстeсінeн, жoбалардан тыс, көңілім сoққан бір нәрсeлeр жасағым кeлeді. Кeйдe үйдe сeкіріп алатын кeздeрім бoлады. Адам көп жасағандықтан қартаймайды, бала бoлудан қалған кeздe кәрілік кeлeді.

Валентин Распутин "Француз тілінің сабақтары"
846 views05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 18:57:47 Жазушыға үш кеңес:

1. Қызыға жаз, қыза жаз, қыздыра жаз, қызықтыра жаз;

2. Ойланып жаз, ойлы жаз, ой сала жаз, ойландыра жаз;

3. Ызамен жаз, кекпен жаз, кектендіре жаз. Осы үшеуінсіз шығармаға жан кірмейді.

Ғабит Мүсірепов
893 views15:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 08:00:53 Сәлем. Мен — Қазақ тілімін. Мен әлсіз әрі бейшара тілмін. Мен адамзатқа игілік әкелген бірде бір ғалым мен технократтың аузынан шықпағанмын. Мен тек қана өзін жоғалтқан ұрпақтың аузында ғана жүрмін. Менің дәрежемнің төмендігі соншалық, жетістікке жеткен менің ұланым үлкен орталарда сөйлейтін болса, айналасының бәрі де оны "мәмбет", "мал сасыған колхозник" деген көзқараспен қарай бастайды. Мені білетін адамдарды осылайша үнемі ұятқа қалдыратын диуана тілмін мен. Қымбат ресторанға қайыршы біреу кіріп кетсе, оны қуып шығарып жіберетіні сияқты, зиялы орындарға кіруге менің құқығым жоқ.

Садық Шерімбек "JÜZ"
925 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 17:03:42 "Шынымды айтайын, ата-бабаңмен араласып, өзім таңдап құрық салған күйеу емессің. Бұрын қалыңдық пен күйеуді ата-аналары қалаушы еді. Көпті көрген көнелер балаларын құтты жеріне қондырарда барар ұясының бапты болу жағын ойлайтын. Бүгінде билік жастардың өзіне тиді ғой. Оның атын не деуші едіңдер, сүйіспендік дейсіңдер ме? Бұрын ата-анасы ақылы толыспаған жастың алды-артын түгел ойлайтын. Жастықтың буына мас болып, көңіліне желік кірген жас нені ойлайды? Сүйіспендік дейсіңдер ғой. Сонда қашанғы жаласып сүйісе бересіңдер? Сиыр да бұзауын бір маусым ғана жалайды. Соның ар жағында отбасының өмірі мен тірлігі бар. Соны ойладыңдар ма?" деп тура алқымнан алды. Мен үндей алмай қалдым. Кемпір де, ойлансын деген болар, төмен қарап біраз үнсіз отырды. Біз осы "ғашықтық, махаббат" дейміз-ау, бақсам жас адам сезімге мас болып жүріп көп нәрсені ойламайды екен. Қамқа әженің сөзі маған көп ой салды. Бұрын "бір-бірімізді жақсы көрдік қой, одан артық не керек", деп жүре беруші едім. Осы жайлы кейін де біраз толғандым.

Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"
1.4K views14:03
Ашу / Түсініктеме