Get Mystery Box with random crypto!

Баяғыда данышпан біреуден, әлдекім, қазақта «жігіт-мігіт» деп | Кітап үзіндісі

Баяғыда данышпан біреуден, әлдекім, қазақта «жігіт-мігіт» деп қосақтала айтатын сөздер бар, солардың «жігіті» кім? «мігіті» кім? деп сұрапты; сонда, данышпан, – «жігіт» деп сөзіне тұрақты, ойға алғанын орындамай тынбайтын, сол бетінде өжет, қайратты, өлмей ар-намысын жібермейтін адамды айтады; ал, «мігіт» деп күн көргіш еркекті айтады депті. Маған осы екеуінің қайсысы болған жөн, апа?..

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"

@kitapuzindisi