Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 10

2022-07-08 15:35:53 Сол күні партия мектебі жедел сақтық шараларына көшкен. Телефон атаулы үзілді, сыртпен байланысудан мүлде қалдық. Сақшылар көбейді. Бізден қауіптенетіні айқын аңғарылып тұрды. Қалың тындаушының жастарға қосылып кетуі де мүмкін болатын. Олардың кейбірі елді-еліне шұғыл аттанып, Алматыдағы сұмдықтан бейхабар өңірледі дүрліктіруі де кәдік еді.
Ертеңіне барлық оқу топтарын акт залға жинады. Жағдайды түсіндірмекке партия-совет, комсомол қызметкерлері жіберіліпті. Жай қызметкерлер емес, басшы кадрлар.
Мен олардың кімдер екенін ашып айтпай-ақ қояйын. Дені осы күнге дейін аман-сау, белді орындарда тәуелсіздіктің сөзден дауыл тұрғызған патриоттары болып жүріп жатыр. Бәрі мінсіз, түгел абыройлы.
Мән бергім келгені, сол зиялылардың тайғанақтығы мен жүрексіз бейшаралығы еді. Сөздеріне қарасақ, біз білмей келіппіз. Қазақстанды ұлтшылдық жайлап алыпты. Жайлатып бара жатқан анау-мынау емес, Дінмұхамед Қонаевтың өзі көрінеді.
– Не деген масқара, – дейді олар, – Алматының дәл төрінде қазақ балабақшасы ашылады. Оған қазақ ертегісінің батыры Ер Төстіктің аты беріледі. Ол ол ма, Қонаев бұдан да әріге сілтеп, армияға қазақ офицерлерін арнайы даярлатады.
Сөйлеушілердің екпіні күшейе түседі.
– Жеке балабақшасын ашу деген сүттей ұйыған орыс-қазақты ала тайдай бүлдіру деген сөз. Қазақстан Компартиясының басшысы оны білмейді емес. Біле тұра, жол ашып отыр. Ол бұдан да асқынып, кадрларды іріктеуде ұлттық сыңаржақтыққа бой алдырған. Қазақтан партия совет және шаруашылық мамандарын даярлауға тапсырма берген.
Осылай төпелейді, төгілдіреді. Айыптайды, асқындырады.
Осы сатқындық Желтоқсан күндерінде қалай өршігенін арнайы зерттеу арқылы қазақ интеллигенциясының ұлттық деңгейін дәл өлшеуге болар еді.
Сол кездегі айыптаулар мен жазғырушылардың пікірлерін талдау арқылы ел зиялысының халықтық сипаттағы ойлау дәрежесін айна-қатесіз анықтай алар едік.
Сол сұрапыл сәтте, жендеттердің қолында суық қару сесті жарқылдаған тұста, Орталық Комитетке елдің сөзін ашық айта алған, топырағың торқа болғыр Сағат Әшімбаев секілді тағы бір ұлтжанды шоғырдың ерлігін түсінуге ұмтылу арқылы олардың азаматтық қуаты қайдан, қандай қасиеттерден бастау алғанын пайымдау да рухани қажеттілік еді.
Халқының сөзін сөйлегендерге сол шақтағы ең ауыр жаза қызметтен кету болатын. Біразы лауазымды таңдады.
Неге деп толғандық па?
Адам болу, ұлттың азаматы болу қандай қиын еді.
Желтоқсан көтерілісі нақ осы жағынан әлі күнге зерттелген жоқ.
Христиан доктринасында мынадай ұғым бар: Жұмақтың ортасында екі ағаш өсіп тұр. Бірінің жемісін жесең – жануарға, екіншісінің жемісін жесең – адамға ұқсайсың. Адам Ата алғашқысынан дәм татты. Жануар ұрпақ өрбітті.
Ақиқат болып жүрмегей.

Алдан Смайыл. Саяси-әлеуметтік публицистика.

@kitapuzindisi
707 viewsQazaq Balasy, 12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:41:35 Аз болсын, көп болсын біраз өмір сүріппін. Сол өмірде көргендерім де аз емес екен. Айтсам арттағыларға ғибрат боларлық та жайлар жеткілікті сияқты. Білім де, тәжірибе де, оларды айтып беруге тіл де баршылық. Қазақта: "Сайтан өлмейді, адам өледі" деген нақыл бар. Ендеше, ерте ме, кеш пе, мен де сол өлетіндердің бірімін. Осыларды ойлап отырдым да бір күні: "Менің білімімнің, тәжірибемнің, әй, құдай біледі, ана дүниеге керегі жоқ шығар. Енді қалған өмірімде көрген-білгенімді жастарға айтып кетейін" деп қолыма қалам алып, жазу жұмысына кірістім. Өзім көрген асыл азаматтар өнегесін, өз тәжірибемді өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі етіп қалдыруды адамгершілік парызым деп білдім. Жазушылыққа осылай бет бұрдым.

Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

@kitapuzindisi
723 viewsedited  10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:30:15 – Біз тек қазақшылықпен жүре береміз, тегінде үкіметтің доғдырына көрінгеннің түк зияны жоқ. Қилымның бұл күнде білмейтіні бар ма?.. Біздің әлгі тракторис ұлымыз алдыңғы жылы соқыр ішек болып, ауданға апарып, операция жасап аман қалды ғой. Егер бұрынғы кез болса, түйнек болып өліп қалар еді. Құдай бетін аулақ қылсын,- деді өз сөзінен өзі шошып. – Баяғы заманда осы балалар қызылшадан қырылып қалмайтын ба еді. Қазір солардың бәрін құртты.
– Қазақ байғұсты өсірмеген осы баланың өлімі ғой, – деді шетте шылым тартып отырған көзілдірікті кісі.

Төлен Әбдік "Әке"

@kitapuzindisi
717 viewsedited  10:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:23:05 Енді бір сәт: жарқабақтың басында шешесінің мойнынан құшақтап алып, сәби көзіне үрей кіріп, шошынып: "Ағатайлар, өлтірмеңдер. Ән салып берем..." — деп шырқырағаны...
Тіпті жаман болып кеттім.
Кейде көп ойлаймын, біраз байқағаным да бар: кілең ажалдың ішінде жүрген кісі әрбір өлген адамға таусыла қайғырып, діңкесін құртып жатпайды; әйтсе оқ астында өмір сүре алмас еді. Адам қайғырмайын да демейді, бірақ жүрек деген шіркіннің өзі көтере алмайтын қасіретті ішіне жібермей, жан сақтау үшін қымтанып алатын қабығы бар ма қалай. Мен де әрбір ажалға сарқылып қайғыра бермеймін, менің жүрегім де жанымды қинай бермей қымтанып алады. Бірақ менің жүрегімнің сол қабығының жыртық — тесігі көп — ау деймін, кейде осындай оқиғалар кіріп кетіп, біз сұғып алғандай жанымды шығарады.

Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"

@kitapuzindisi
697 viewsedited  10:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:13:03 — Біздей сорлылардың, құр аузы айтатыны болмаса, қолынан не келуші еді,— деп Қожаш тағы мұңайғандай болды.

Бәрі де ат үстінде, қамшыға сүйеніп ойға қалғандай.
— Қой, құр тұрып ерте күнді кеш қылмайық, не нәрсені уақытында көрерміз... Жиен "жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір" деген бізді өзіңе сана. Енді біз жүрейік,— деп Бірке атының басын бұра бастады.

Спандияр Көбеев "Қалың мал"

@kitapuzindisi
4.4K viewsedited  10:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:09:37 Бұл арада отырған елде адам секілді адам бар ма? Ұрғашы секілді жыбырлаған ұсақ. Қорыққанына ғана жауап беріп, қорықса ғана айтқаныңды істейтін сұмдар емес пе?! Міне — менің Жақыбым өлгеніне екі ай болды. Біреуі туысқан болып: бишара, жайың қандай, шаруаң не күйде деп, есіктен қарады ма екен? Қайта үйімізге келсе, шетінен тысырайып, жуансып келеді. Ылғи жетім-жесір деп қызығып айталап, бір нәрсемізді аузына түсіріп алғысы кеп тұрады. Ұялмағырлар ұялмастан бізді жегісі келіп тұрады.

Мұхтар Әуезов "Қорғансыздың күні"

@kitapuzindisi
741 viewsedited  10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:03:28 Тіпті төбелессек те қазақша төбелесіп, қазақша боқтасамыз, басқа тілде боқтасаң қазақ тілінде боқтағандай әсер етпейді, басқа тілдегі боқтау шымбайыңа батып, жаныңды ауыртпайды, ал қазақ тілінде боқтаса шырқыраған жаныңды қоярға жер таппайсың...

Сайын Мұратбеков "Жабайы алма"

@kitapuzindisi
756 viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:00:50 Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең де күн ашық болады, – деп қойды үлкен кісіше.

Бәріміз жапа-тармағай аспанға қарадық. Шынында да жұлдыздар жайшылықтағыдан әлдеқайда көп еді. Баттиып-баттиып, балқыған қорғасынша сорғалап ағып түсердей боп жарқырайды.

Сайын Мұратбеков "Жусан иісі"

@kitapuzindisi
771 viewsedited  10:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 12:52:24 Екі көзім қазандағы қуырылып жатқан бауырсақта. Шымыр-шымыр қайнаған ыстық майға Батырқанның әйелі туралған қамырды тастап келіп жібереді. Ыстық май шыж ете қалады да, көпіршіп тулағандай болады. Әлгіндегі көкшіл шикі қамыр лезде қызара ісініп, торсиған қып-қызыл бауырсаққа айналады. Даяр бауырсақты кепсермен тегешке сүзіп алады.
Піскен бауырсақ осы кезде орта тегеш болған.
Бауырсаққа қараған сайын менің сілекейім шұбырады. Майы шып-шып шыққан қызыл жон томпақ бауырсақтар ауызға түсуге тіленіп-ақ жатқандай. Шіркін, ауызды қарыған ыстық күйде алып жер ме еді!
Жас бауырсақтың бұрқыраған иісі қандай!

Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"

@kitapuzindisi
831 viewsedited  09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 11:00:47 Жер жыртып‚ дән сеуіп‚ астық өсіретін агрономдар неге жұмыс таппай сенделіп жүр. Есесіне, облыстардағы әрбір педагогикалық институт университет атанып‚ қасына заң факультеті тіркеліп‚ шала сауат заңгерлер құмырсқаның илеуінен шыққандай құжынап шығып жатыр. Сонда олар қайда сияды‚ не бітіреді?

Қуандық Түменбай "Түрмедегі торғай"

@kitapuzindisi
951 viewsAsel Baqbergenqyzy, 08:00
Ашу / Түсініктеме