Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 81

2021-01-31 09:00:06 Ұрсысуды айналып өтуге тырысатын әйелде кемшілік болмайды.

Айзек Азимов "Фантастикалық саяхат"
2.0K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-30 09:00:10 Бақыт дегеніңіз – басқа адамның бақытын сезіну, бақытты болуына үлес қосу екен ғой, аға...

Алғадай Әбілғазұлы "Қасиетпен қауышу"
2.1K viewsӘсел, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-29 09:00:09 Бұл жалған дүние өмір-өлім, жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, ақ-қара, бар-жоқ деген сияқты қарсы мәнді егіздерден тұрады. Олар бір-бірін ауыстырады, бірі болмаса, екіншісі болмақ емес. Сондықтан, опасыз дүниенің барына да, жоғына да, ойына да, қырына да, шуағына да, көлеңкесіне де даяр болу қажет.

Темірбек Қожакеев "Қалыңдық қасіреті"
2.3K views., 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-28 09:00:12 Әйел махаббаты - гүл, үнемі бабында ұстап, күтім жасамасаң солады. Әйел махаббаты - құс, үнемі жем шашып, мәпелеп тұрмасаң, өзге бұтаққа ұшып кетеді. Мұны, шіркін, Алшынбектер біле ме екен?

Жәкен Жұмақанов "Махаббат пен мансап"
2.2K viewsӘсел, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-27 09:00:11 Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар...

Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"
2.2K viewsӘсел, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-26 09:00:11 «Тәңір асыраған тоқтысын бөрі жемейді», «Көппен көрген ұлы той», «Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді», «Иттің иесі болса, түлкінің тәңірісі бар...» деп сақалы беліне түспек түгілі аяғына оратылып, баяғыда-ақ алжып кеткен қайдағы бір қыртымбай мәтелмен өзімізді алдарқатып, бәрін бір Құдайға тапсырып қойғанбыз. Өзіміз ештеңе істегіміз келмейді. Неге біз осынша бейғам, бойкүйезбіз? Қашан мәңгілік ұйқымыздан оянамыз, қашан?!!

Тұрысбек Сәукетаев ''Мен жындымын''
1.7K viewsӘсел, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-25 12:54:34 Кітап үзіндісі pinned «Арнаға үзінді қосу үшін @Asselbay-ға жазыңыз.»
09:54
Ашу / Түсініктеме
2021-01-25 09:00:13 Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.

Мағжан Жұмабаев "Шолпанның күнәсі"
1.7K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-24 09:00:09 Адамзат тек өзінің ойы менен түсінде ғана ажалсыз, азат өмір сүре алар. Арман ағысын да ол көкке көтеріліп, теңіз түбіне түсе алар. Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. Ал бірақ ажалға бәрі бір-ақ тиын: сенің өмірді сүйетінің, ой-арманыңмен қандай ғарыш биікке көтеріліп, нендей даналық шегіне жеткенін, не түс көргенің — ажалға бәрібір, ол мұнымен санаспайды.

Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"
3.6K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-23 10:00:16 Ізгілік пен иман, ар-ұятты ұрпағының ең ұлы қазынасы санайтын үлкен кісілердің аманатына адалдық пен қиянат күнделікті тіршілігімізден менмұндалап көрініп тұрады.

Ырысбек Дәбей "Жылқы атылған жаз"
1.7K views07:00
Ашу / Түсініктеме