Get Mystery Box with random crypto!

Бұл арада отырған елде адам секілді адам бар ма? Ұрғашы секілд | Кітап үзіндісі

Бұл арада отырған елде адам секілді адам бар ма? Ұрғашы секілді жыбырлаған ұсақ. Қорыққанына ғана жауап беріп, қорықса ғана айтқаныңды істейтін сұмдар емес пе?! Міне — менің Жақыбым өлгеніне екі ай болды. Біреуі туысқан болып: бишара, жайың қандай, шаруаң не күйде деп, есіктен қарады ма екен? Қайта үйімізге келсе, шетінен тысырайып, жуансып келеді. Ылғи жетім-жесір деп қызығып айталап, бір нәрсемізді аузына түсіріп алғысы кеп тұрады. Ұялмағырлар ұялмастан бізді жегісі келіп тұрады.

Мұхтар Әуезов "Қорғансыздың күні"

@kitapuzindisi