Get Mystery Box with random crypto!

Екі көзім қазандағы қуырылып жатқан бауырсақта. Шымыр-шымыр қа | Кітап үзіндісі

Екі көзім қазандағы қуырылып жатқан бауырсақта. Шымыр-шымыр қайнаған ыстық майға Батырқанның әйелі туралған қамырды тастап келіп жібереді. Ыстық май шыж ете қалады да, көпіршіп тулағандай болады. Әлгіндегі көкшіл шикі қамыр лезде қызара ісініп, торсиған қып-қызыл бауырсаққа айналады. Даяр бауырсақты кепсермен тегешке сүзіп алады.
Піскен бауырсақ осы кезде орта тегеш болған.
Бауырсаққа қараған сайын менің сілекейім шұбырады. Майы шып-шып шыққан қызыл жон томпақ бауырсақтар ауызға түсуге тіленіп-ақ жатқандай. Шіркін, ауызды қарыған ыстық күйде алып жер ме еді!
Жас бауырсақтың бұрқыраған иісі қандай!

Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"

@kitapuzindisi