Get Mystery Box with random crypto!

Аз болсын, көп болсын біраз өмір сүріппін. Сол өмірде көргенде | Кітап үзіндісі

Аз болсын, көп болсын біраз өмір сүріппін. Сол өмірде көргендерім де аз емес екен. Айтсам арттағыларға ғибрат боларлық та жайлар жеткілікті сияқты. Білім де, тәжірибе де, оларды айтып беруге тіл де баршылық. Қазақта: "Сайтан өлмейді, адам өледі" деген нақыл бар. Ендеше, ерте ме, кеш пе, мен де сол өлетіндердің бірімін. Осыларды ойлап отырдым да бір күні: "Менің білімімнің, тәжірибемнің, әй, құдай біледі, ана дүниеге керегі жоқ шығар. Енді қалған өмірімде көрген-білгенімді жастарға айтып кетейін" деп қолыма қалам алып, жазу жұмысына кірістім. Өзім көрген асыл азаматтар өнегесін, өз тәжірибемді өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі етіп қалдыруды адамгершілік парызым деп білдім. Жазушылыққа осылай бет бұрдым.

Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

@kitapuzindisi