Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 13

2022-07-02 22:34:57 Ұйқта, жаным...
Жанымды азаптама,
Тау мен дала - бәрі де көз ілді ғой.
Ит те жатыр шынжырды жалап қана,
Шаршатқандай ас жайлы өзін бір ой,
Теңіз ғана тасырлап тынши алмай,
Жапырақтар жұтады ағын демін.
Ал мен саған жалынам үн шығармай,
Сыбырлаймын: «Ұйқташы, жаным менің...»
Ұйқта, жаным...
Жаныңа мұң екпесін
Ренжісіп, келіспей қалғанымыз.
Елестетші: бәрі ертең түн өткесін
Ұмыт болып, жайнайды жан-жағымыз.
Ұйқта, жаным...
Кеп қалар таң да ұрланып.
Жасың тыйып, түсіңде күлімдеші.
Гүл тергендей куаншы, бал-бұл жанып,
Жүрегіңді жылатып түңілмеші.
Ұйқысырап сөйледің –
Жатқан жоқ па түсіңе ешкім еніп,
Дөңбекшуден әлде сен шаршадың-ау?
Онда ұйқыға ораншы, кетсін еріп
Жүрегіңде өңіңнен қалса қырау.
Ұйқта, жаным...
Кім екен тынышыңды алған –
Дөңбекшіген теңіз бе? Бұла жел ме?
Әлде көңілің қалды ма бір сұмдардан,
Әлде айыпты оңбаған — мына мен бе?
Ұйқта, жаным...
Жазбайсың ғой бұл түні, сені ұғамын,
Жыр да мұндай сәттерді түйсінеді.
Естисің бе - кешірші мені, жаным,
тым болмаса түсіңде сүйші мені.
Ұйқта, жаным...
Қол ұстасып өтейік сан құздардан,
Жер жарылып кетердей мына шақта
Қауіпті ғой, қиын ғой жалғыз қалған –
Құшақтасып құлайық құласақ та,
Жаныңды әсем тербесін күй ырғағы,
Ұмыт сосын өкпелі кешті мүлде.
Жер үстінде көз ілу қиындады,
Ұйқта, жаным, сонда да...

Фариза Оңғарсынова "Ұйқта, жаным"
2.4K views19:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 08:01:34 Ерінбей еңбек етсек, бала аш, қатын жалаңаш болмас. Бірігейік.

Сәкен Жүнісов "Жапандағы жалғыз үй"

@kitapuzindisi
2.4K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 09:03:41 – Қуаныш тек күлкімен ғана келмейді. Ол тек бала басынан кешіретін тәтті қуаныш қана. Азаппен келетін ащы қуаныш та болады. Нағыз қуаныш һәмәнда жанды қинап, жүректі сыздатып, жылата келеді ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады.

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"

@kitapuzindisi
5.8K views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 08:47:44 Көпшілік қылығына таң қаласың. Жақсы болуға тиіс деген кісісінің бойынан (мысалы Ел басының) жаман қасиет, жаман қылық көргісі келмейді. Көрсе кешіре алмайды. Сол секілді олар жаман деген ат тағылғандар бойынан (мысалы, түрмеге түскендер) жақсылық қасиеттерді іздемейді. Ал барлық адам бойында Құдірет жаратқан барлық қасиеттер (жақсылық пен жамандық, ізгілік пен қатыгездік, қайырым мен сараңдық, сүйіспеншілік пен сатқындық) бар болатындығы ақиқат. Жақсы болу да, жаман болу да әр кісінің өз бойында бар сол қасиеттерін пайдалану шамасына байланысты. Олар (адамдар) өздерінің ұзақ ғұмырын жақсы, жаман қасиеттерін қатар пайдалана өмір сүреді.

Сайын Назарбекұлы "Ойлар, ойлар..."

@kitapuzindisi
985 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 08:00:44 Әйел алсаң көркіне қызықпа, дертіне қызық. Қыздың дерті іреңінде емес, жүрегінде. Өзегін өрт, жүрегін дерт жайлаған бойжеткен махаббатқа бой алдырады, ғазиз жанын ғашықтыққа қияды. Еркін есепке, етегін төсекке ыңғайлаған ұрғашының бас-аяғы түптің-түбінде өсек-аяңға шырмалады. Тектілік жөні бір басқа...

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

@kitapuzindisi
275 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 06:45:29 Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Ерікті ен даланың құсынша ұшып,
Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.
... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мен қазақпын

@kitapuzindisi
41 views03:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 20:35:05
"Мәңгілік бала бейне" шығармасындағы Ләйлә қыздың бейнесі қандай?
Anonymous Quiz
9%
Ел басына қатер тұнған күннің, қасіреттің белгісі
6%
Жақсылықтың емес, тек қана жамандықтың бейнесі
75%
Атом сынағынан зардап шеккен кінәсіз жанның бейнесі​
10%
Адамдардың тәубесіне келіп, шүкірлік ету белгісі
261 voters682 views17:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 20:29:29
"Апа, тау жақтағы әуеде қалықтап тұратын саңырауқұлақ бүгін тағы да түсіме кірді". Саңырауқұлақ сөзін автор неліктен қолданған?
Anonymous Quiz
22%
Ғұмыры қысқа өсімдік болғандықтан
9%
Қарауылда саңырауқұлақ көп өсетіндіктен
65%
Полигонның белгісі ретінде
5%
Жай, қиялдап жаза салған болар
262 voters726 views17:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 20:26:24
"Мәңгілік бала бейнедегі" басты кейіпкер кім?
Anonymous Quiz
19%
Құмар
18%
Шөкіш
6%
Қатира
58%
Ләйлә
290 voters667 views17:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 08:01:15 Мың түрлі адам бар — мың түрлі мінез бар. Соның сорақыларына мән бере берсең, жауқазыныңнан жайрайсың.

Шерхан Мұртаза "Тәуекел той"

@kitapuzindisi
564 views05:01
Ашу / Түсініктеме