Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 11

2022-07-08 07:01:33 Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар! Өмір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар. Осы да қызық па? Осы да өмір ме? Жоқ өмір сүру ─ тозақ. Туғаннан ─ өлгенге дейін. Өйткені адам жылап туады, жылап өледі. Сөйте тұра және ешкім оңайлықпен, өз еркімен өлгісі келмейді. Егер көзіңді ашып қарасаң, мұндай ит тірліктен өлім әлдеқайда артық қой. Жоқ бәрібір біз өмірді жақсы көріп, өлімге нәлет айтамыз. Бұны қалай түсінеміз өзі!? Бұл неткен жұмбақ сонда!

Джек Лондон "Әйел қырық жанды"

@kitapuzindisi
388 viewsAsel Baqbergenqyzy, 04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 06:24:56 Аяғына қан түссе,
Айрылар жүйрік ағыннан.
Тұрасынан мертілсе,
Тұлпар қалар қарғыннан.
Көтермешің болмаса,
Топта туың жығылған.
Көмекшіңіз болмаса,
Бәйгіден атың қалынған.
Айдын көлден сән кетер,
АЙрылса қу мен қазынан.
Аспанның нұры тамбаса,
Көл қалады шабыннан.
Қонысына бақпаса,
Аруана қалар сауыннан.
Денеден артық жүк артса,
Нар да қашар ауырдан.
Бағым болып қолға өссе,
Нәндік қалар аюдан.
Парақор болып құнықса,
Әділдік қалар ханыңнан.
Оғыда байлап сенбеңіз,
Торығар көңілің залымнан.
Жасы жетіп мендесе,
Ер айрылар қарудан.
Сәні болмас бұлбұлдың
Саясыз жерге саз ұрған.

Ақтан Керейұлы. Аяғына қан кетсе.

@kitapuzindisi
462 viewsQazaq Balasy, 03:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 15:01:49 Сірә, адам өмірі қателіктен тұрады білем. Сол қателікті, шалт басқан кемшілікті түзеймін деп былайғы бұйырған өмірің өксиді, уақытың өтеді. Енді түзеп тындырдым-ау, кемшілікті жөндедім-ау дегенде тағы бір қателікке сүрінесің, досқа таба, дұшпанға күлкі боласың. Іштей ыңырсып күйзеле жүріп әлгі әттегенайды тағы жөндейсің, және түзейсің. Өстіп жүргенде өмірің сырғып өте шығады. Дүние деген жақсылық пен жамандығы алмасып арпалыспен өтеді-дағы.

Дүкенбай Досжан "Кешірім"

@kitapuzindisi
882 viewsAsel Baqbergenqyzy, 12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 11:01:38 Егер бақыт қолыма өзі келіп қонбайтын болса, онда оны мен өзім ұстап аламын.

Джеймс Гринвуд "Өгей бала"

@kitapuzindisi
1.1K viewsAsel Baqbergenqyzy, 08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 07:00:16 Басшылық қызметке қолы жеткен алаяқтарға "сенің мұның дұрыс емес" деп жөн айтып, қолынан қағатын ешкім жоқ, сондықтан олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс. Қалың көпшілік ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейді, оларға ондай мәселелерді түсіндіріп жатқан және ешкім жоқ. Бірлі-жарым көзі ашық, жөн мен парық білетін ақ-адал азаматтар болса, олардың өзіне жала жауып, көздерін құртып жіберуге тырысатындар табылады.

Болат Бодаубай "Қарт тергеушінің әңгімелері"

@kitapuzindisi
1.3K viewsAsel Baqbergenqyzy, 04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 17:18:10 Қырғыздар жасы егде тартқан Бердіқожа мен бір жас қазақ батырын қосақтап ұстайды. Қазақ десе қан қысымы көтерілген Есенқұл: «Біреуіңді кескілеп өлтіреміз, біреуіңе кешірім жасаймыз. Қазақты қалай жазаға кескенімізді бостандық алғаның – ел-жұртыңа айтып барасың. Қайсың қалып, қайсың бостан боласыңдар, өздерің шешіңдер», – дейді. Мақұл-ақ.

– Әлгі кесімді сөзді естіген Бердіқожа былай дейді: «Жасым егде тартты, әрі жаудың бүйрегінде маған деген қатып қалған кегі жатыр. Келешекте ел-жұртқа пана болар жас батыр қажет. Жаудың кешірімі – жүректің сөзі емес, еріннің емеуріні, шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін. Еріннің кешірімі – саған болсын, елімнің кешірімі – маған бұйырсын, сен құтыл», – депті. Сөйтіп жас батырды құтқарып жібереді.

Өзін жау өлтірерін білген соң, жолдасына айтқан екен: – Жау жерінде қалдым ғой, менің сүйегімді алып кете алмассыңдар, бір бармағымды кесіп алып, маңайлас жерлеріңе көм де, соған там салып, Бердіқожа тамы атандырыңдар. Мені есіне алғандар дұға қылып өтер.

Дүкенбай Досжан "Кешірім"

@kitapuzindisi
1.5K views14:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 17:04:46 Қарттардың соншама ерте оянатын себебі не дейсің? Тым болмаса сол күнді ұзарту үшін өстетін болар.

Эрнест Хемингуэй "Шал мен теңіз"

@kitapuzindisi
1.4K views14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 15:44:37 Байқау нәтижесі!

Кешелі бері сізбердің жіберген барлық әңгімелеріңізді оқып жатырмыз. Бір қызығы — қос редактордың таңдауы бір жерден шығып тұр. Бұған бірнеше себеп бар.

Біз бұған дейін айтылмаған, қозғалмаған бірақ айтылуы керек дүниелер жеңімпаз атануы керек деп есептейміз.

Сондай-ақ, бүгінгі жеңімпаздың байқауға жазған дүниесі екі редакторға да жақын дүниелер һәм құндылықтар.

Бұл байқауды @halyqunimedia ақпарат агенттігімен бірлесіп ұйымдастырған едік. Алайда, қатысушыларымыздың біразы ол арнаға жазылмағаны көңіл көншітеді. Себебі, біздің серіктестерді қолдау арқылы — біздің арнамызды қолдайсыздар.

Енді жеңімпазға келсек.
@halyqunimedia мен @kitapuzindisi ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы болып @Aqqqmaral танылды.

Оған жақын арада жүлдесі табысталады. Жеңімпаз @qaytalanbas —қа жазуын сұраймыз.

Құрметті оқырмандар, біздің арнамызды һәм серіктестерімізді қолдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Біздермен бірге болыңыздар! Білімді, оқыған ұрпақ қатарынан болайық
1.4K viewsedited  12:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 11:00:40 — Мен өлімнен қорықпаймын, команданте, мен жұмысқа деген қабілетті жоғалтудан қорқамын. Демек, жұмысқа жарап тұрғанымда мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.

Бауыржан Момышұлы "Куба әсерлері"

@kitapuzindisi
1.5K views08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 10:00:57 Уайым-қайғы үлкендердің үлесі. Уайым-қайғы нәрестенің балғын жүрегін шалмасын. Шалды болды, ол нәресте нәрінен айырылып, ересектің есесін арқалап, ерте бастан азап шегеді. Жалғандағы жалғыз жанашыры-туған әкесінен тірідей айырылу азабы Тұрар баланы тым ерте есейтіп жібергенге ұқсайды.

Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе"

@kitapuzindisi
1.6K views07:00
Ашу / Түсініктеме