Get Mystery Box with random crypto!

Енді бір сәт: жарқабақтың басында шешесінің мойнынан құшақтап | Кітап үзіндісі

Енді бір сәт: жарқабақтың басында шешесінің мойнынан құшақтап алып, сәби көзіне үрей кіріп, шошынып: "Ағатайлар, өлтірмеңдер. Ән салып берем..." — деп шырқырағаны...
Тіпті жаман болып кеттім.
Кейде көп ойлаймын, біраз байқағаным да бар: кілең ажалдың ішінде жүрген кісі әрбір өлген адамға таусыла қайғырып, діңкесін құртып жатпайды; әйтсе оқ астында өмір сүре алмас еді. Адам қайғырмайын да демейді, бірақ жүрек деген шіркіннің өзі көтере алмайтын қасіретті ішіне жібермей, жан сақтау үшін қымтанып алатын қабығы бар ма қалай. Мен де әрбір ажалға сарқылып қайғыра бермеймін, менің жүрегім де жанымды қинай бермей қымтанып алады. Бірақ менің жүрегімнің сол қабығының жыртық — тесігі көп — ау деймін, кейде осындай оқиғалар кіріп кетіп, біз сұғып алғандай жанымды шығарады.

Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"

@kitapuzindisi