Get Mystery Box with random crypto!

– Біз тек қазақшылықпен жүре береміз, тегінде үкіметтің доғдыр | Кітап үзіндісі

– Біз тек қазақшылықпен жүре береміз, тегінде үкіметтің доғдырына көрінгеннің түк зияны жоқ. Қилымның бұл күнде білмейтіні бар ма?.. Біздің әлгі тракторис ұлымыз алдыңғы жылы соқыр ішек болып, ауданға апарып, операция жасап аман қалды ғой. Егер бұрынғы кез болса, түйнек болып өліп қалар еді. Құдай бетін аулақ қылсын,- деді өз сөзінен өзі шошып. – Баяғы заманда осы балалар қызылшадан қырылып қалмайтын ба еді. Қазір солардың бәрін құртты.
– Қазақ байғұсты өсірмеген осы баланың өлімі ғой, – деді шетте шылым тартып отырған көзілдірікті кісі.

Төлен Әбдік "Әке"

@kitapuzindisi