Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 12

2022-07-05 20:07:14 Бар жанарды жаулаған - "Жайдарман" ойындары. Бүгінде әзіл алаңы мыңдаған адамның басын біріктіріп, үлкен қозғалысқа айналды. "Жайдармандағы" өзгерістер, "Рудный" құрамасының шеттетілуі мен Семей әкімдігінедегі жағдайы туралы, сондай-ақ, әзілдеуге болмайтын тақырыптар, сахна мәдениеті мен қоғамның ойыншыларға қоятын талабы жайлы "Жайдарманның" редакторлары Рамазан Фаилов пен Эльдар Жумагалиевпен сөйлестік.
1.7K views17:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 11:00:01 Ол кезде тіршіліктің барлық тіні мамаларына кеп тірелетін. Қорықса да "мама", қуанса да "мама", күлсе де "мама", қайғырса да "мама", мамасыз өмір жоқ еді. Енді олар "маманың" ақылына да, алақанына да, қосымша он бес тиынына да зәру емес.

Дулат Исабеков "Өкпек жолаушы"

@kitapuzindisi
1.8K viewsedited  08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 10:45:16 — Достық қарызы - ауыр жүк. Адал жар азбайды, адал дос алдамайды. Екеуің де бір- бір үйдің жалғызы екенсіндер. Біріңе бірің ақ дос, айнымас серік боп өтіңдер. Әрқашан да адал болыңдар. "Адалдың арқаны ұзын" деген сөз шын сөз. Осыны естеріңнен шығармандар!

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"

@kitapuzindisi
1.9K views07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 10:02:13 Махаббат жоқ дейді кейбіреулер. Махаббат жоқ болса, бұл не енді? Алтынды көргім, онымен бірге болғым келіп, ынтығып тұруым неліктен?
Махаббат бір-ақ рет болады дейді. Бұл да жалған. Мен өзім талай қызға ғашық болдым. Соның бәріне де өліп-өшіп, шын ғашық болған едім. Ғалияны қалай сүйсем, Алтынды одан кем сүймейтін тәріздімін.
Мүмкін, қыздар да, әйел заты да солай шығар?

Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"

@kitapuzindisi
1.8K views07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 21:02:24
Келесі сенбі Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Жадыра Шамұратованың "Кісі болған жігіт" әңгімесі талқыланады.

Талқылаудан кейін бір оқырманға Виктор Франклдың "Өмірден мән іздеген жан" кітабы сыйға беріледі. (Жеткізу почта арқылы)

Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан» кітабында концлагерьлерде бастан өткерген оқиғалардан түйген ойларын  жазады. «Неге бір адамдар күйзеліске түсіп, тез арада көз жұмады, ал екінші біреулері жанталасып өмір сүруге талпынады?» деген сұраққа жауап іздейді. Алғаш рет 1946 жылы жарық көргеннен бастап 1997 жылы автор өмірден озғанға дейін 10 миллионнан аса таралыммен сатылып, 24 тілге аударылған.

(соңғы азат жол мен сурет adyrna.kz-тен алынды)

Мына арнада: https://t.me/kitaptaldau
1.7K views18:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 10:01:55 Адамды мадақ пен балдай өтірік шаттандырып тұрса, ащы шындықтың қажеті қанша? Ал мәселе мынада: біріншіден, өтірік – адам табиғатына жараспайтын жексұрын нәрсе, екіншіден, сол өтірік саясатқа ұласса тұтас ел, халықтың болашағы үшін қатерлі. Сондықтан өз елінің кез келген патриоты, еркіндік пен әділдікті сүйетін әр қайраткер, кез келген дені дұрыс адам барлық жерлерде өтірікті әшкерелеуге міндетті!

Баянғали Әлімжанов "Өмір сүруге рұқсат етіңіз!"

@kitapuzindisi
2.0K views07:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 08:31:09 Кітап үзіндісі pinned a photo
05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 08:02:17 "Адам тозаққа да үйренеді" деген рас екен-ау, әйтпесе, қорымды қимау, қорымға бауыр басып, оның сұп-суық сұсты бейнесі көзге ыстық көрінуі деген ойға оғаш, құлаққа жат нәрсе ғой.

Дулат Исабеков "Сүйекші"

@kitapuzindisi
2.0K views05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 10:02:45 Кісі үмітпен күнелтеді. Бүгіннен ертеңім жақсы болсын дейді. Кеудесінен жаны шығып кеткенше таңдайынан үміттің тәтті дәмі кетпейді. Адамды сан ғасырлар бойы табиғат берген сыйынан ажыратып алмай, адамшылық сипатын жоймай, адастырмай, қалың тұман арасынан алып шығып келе жатқан мінез – төзім!

Дүкенбай Досжан "Пайғамбар"

@kitapuzindisi
2.3K views07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 08:00:28 Адам баласында азаматтық ұстаным деген болады. Дәл сол секілді отбасын құрған соң «ажыраспаймын» деген принцип болуы тиіс. Мың жерден сұлу
көрсең де, құлқың кетіп тұрса да, оның мінезі аяқасты ұнамай қалса да, ажыраспаудың жолын ізде. Басқа жол тап.

Екі жарты бір бүтін болып қосылған кезден бастап ажырасу туралы ой да, тіпті оның көлеңкесі де санаңда сәулеленбеуі тиіс. Отбасы болған күннен бастап сен тек әйелдің патшасы емессің, бүкіл елдің алдында жауапкершілік арқалайтын азаматсың. Бұл ұяның да өз заңдары бар. Бұзсаң киесі атады.

Жетім-жесірді қолдан жасап отырған өзіміз. Сәл ойлан!

Марғұлан Ақан "Әйеліммен әңгіме"

@kitapuzindisi
2.5K viewsedited  05:00
Ашу / Түсініктеме