Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-02-17 05:17:24 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
1. Өлімнен құтылу жоқ.
2. Дүниеде рахат жоқ.
3. Адамдардың сөзінен (сынынан) құтылу жоқ.
761 views02:17
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 12:31:19 Тәуелсіздігімізді сырттың алакөздігінен, іштің алауыздығынан аман сақтап қалу – біздің тарих алдындағы ең басты парызымыз.

Марқұм Әбіш Кекілбайұлы.
666 viewsedited  09:31
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 03:36:54 Есек пен Зебра. Екеуі 99% ұқсас хайуандар. Бірақ Құдай зебраны бостандыққа жіберген, ал Есекті адамға беріп, ауыр жұмысқа жегіп қойды. Жабайы есектер табиғатта жоқ деуге болады.

Парадокс: Зебра бостандықта жүрсе де, өмір сүру уақыты аз жануар. Бостандықта жүріп, гиенаға жем болады немесе леопардтың қолына түседі. Одан қалса арыстан бар.

Ал Есек - туғанынан құлдықта. Бірақ өмір жасы ұзақ. Жемі жемдеулі, қорасы да жылы, қауіпсіздігіне кепіл бар. Қожайыны Есекті күтіп ұстайды, себебі жұмысының негізі есекке байланысты.

Бұл екі философия, адамдарға да келеді. Біздің қоғамда біреу Зебра, біреу Есек екені белгілі. Бірақ ең қызығы, адамдардың арасында Есек бола тұра Зебра болғысы келетіндер бар, ал Зебра бола тұра, Есекке қызығатындар бар.

#Nordman
804 views00:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 03:36:23 Ұят...
Әйгілі Мәтжан би (1841-1929) бір тойда әлі арнайы іздеп барып көрісіп үлгермеген нағашысымен кездесіп қалады. Әңгіме-дүкен құра отырып нағашысы: «Мәтжан, шырағым, көпті көрдің, ел араладың, жер таныдың. Осы біздің Отпан таудан да биік жер бар ма екен?» – деп сұрапты.
Сонда Мәтжан би: «Бар ғой, нағашы. Кіргелі тұрған үйіңнің алдында ұятты сезінсең, сол үйдің табалдырығы бәрінен де биік көрінер», – деп жауап қатыпты.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
776 views00:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 10:26:42 — Қандай данышпан едің, байғұс қазақ?! Сенен басқа бірде-бір халық дүние шіркінге «жалған» деген ат қоймаған болар. Қалай тауып қойғансың. Қу дүние, шын жалған екенсің... Өттің де, кеттің ғой..

Марқұм Ілияс Есенберлин.
356 viewsedited  07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 03:42:18 Ақылдылық пен даналықтың парқы..

"Кеше "ақылды" едім. Сол шағымда дүниені өзгерткім келді. Ал бүгін "данамын". Өзімді өзгерттім".

Мəулана Жəлəлуддин əр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).


Біздің арамызда да ақылды сабаздар көп. Оларға салсаң дүниені өзгертпекші. Əуелі өзін түзесін.

Қайырлы таң!
Күндеріңіз сəтті өтсін!
70 viewsedited  00:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 06:50:50 ОЛИМПИАДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МАРҚҰМ ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВТІҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:

Жамбыл облысының қазіргі Байзақ ауданы, Тегістік ауылында 1951 жылы 6 мамырда дүниеге келіппін. Тегістік – Тараз қаласынан 45-50 шақырым, Таластың бойындағы отыз шақты үйден тұратын кішкене ауыл. Әпкем, қарындасым бар. Ұлдан жалғызбын. Әкем көп ағайынды болған екен. Бірақ барлығы шетінеп, он үшінші баладан кейін әкем өмірге келіпті. Мен әжемнің қолында өстім. Әкем айтып отыратын: "Маған дейінгі балалар шетіней бергеннен кейін атымды ырымдап қойған. Ауылдағы үш кемпірдің астынан өткізіп, мені Үшкемпір атапты" деп.
Әкем – есепші, шешем дүкен ұстаған. Тұратын үйіміз – қоржынтам. Бір жағында біз тұрамыз, бір жағы дүкен. Анамның ай-күні жеткенде әжем бір жерге кетіп қалған екен, шешем дүкенде толғатады. Шақыра қоятын жедел-жәрдем тұрмақ, аурухана да жоқ. Дәл сол толғақтың үстінде бір ақсақал дүкенге келіп, шешемнен сабын сұрайды. Үлкен кісіге толғатып тұрмын деп айта алмайды. Ұялғанынан, сөредегі сабынды алып беріп жатқанда мен түсіп қалыппын. Ауылға жақсылық келді ғой деп, менің атымды Жақсылық қойыпты. Әжемді шақырып, менің кіндігімді кесіпті. Сөйтіп, адам топырлап жатқан жерде туғанмын. Кейіннен шешем айтады ғой: "Әй, мынау сенің бүкіл атағың халықтың аяғының астынан шықты" деп.
761 views03:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 06:25:57 Шегедей адам...
Түрік ойшылы Сақалды Жəлел (1962) бір мəжілісте бір танысын "шегедей" адам деп сипаттайды. Мəжілісте отырғандар оның танысын жағымсыз тұрғыдан жақсы білгендіктен "шегедей" деп сипаттағанына тосырқап қалады. Ол оны дереу байқап: "Меніңше, сөзім түсініксіз болды-ау деймін. Оны "шегедей" деп айтқанымда оның "өткірлігін, мықтылығын" меңзеген жоқпын. Ол міндетін "басынан ұрмасаң" дұрыс атқармайды ғой. Сонысын меңзеген едім" деген екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сəтті өтсін!
111 views03:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 04:43:20 ЖАЗУШЫ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ (Алла оны рақымына бөлесін) КҮНДЕЛІГІНЕН:

Бәрі сатылып жатыр. Мені де біреулер сатып алған жоқ па екен?!


Баяғыда біздің ауылда бір әпенді шал бар еді. Өзі түшкіріп, өз-өзіне "Сәбидей мұңсыз бол!" деп қошемет айтып отыратын. Келемеждеп күлетін ек. Бекер екен...


Ақыл – азап. Иесіне күн бермейді. Қазіргі заманда ақылсыздық, топастық Алланың берген үлкен сыйы сияқты...


– Жақсы да бір төмпешік, жаман да бір төмпешік. Несін айтасың, – деп базарда алма сатып тұрған бір әйел сампылдап жатты. Ойланып тұрып қалдым. Кейбір ақылды ағаларымның аузынан осы сөзді ести алмай қойғанмын.


Жоғары жақ портфель бөлісіп, төменгі жақ нан бөлісіп жатыр. Қашанға дейін?..


Досым, жазушы Әлібек Асқаров бірде:
– Раха, енді қалай өмір сүруді ойлайық, – деді.
Мен:
– Екеуміз енді қалай абыройлы өлуді ойлайық, – дедім.
Ойланып қалды.
11 views01:43
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 09:17:10 Тезек төре ұрлық қылған бір топ жігітті дарға асқалы жатқанда, Кебекбай деген би топ ішінен суырылып шығып:
- Дат!
Ау төре менің бір сұрағым бар,-депті.
- Айт.
- Айтсам, су басынан тұна ма, əлде аяғынан тұна ма?- деп сұрапты.
- Аяғынан су тұнатын ба еді, басынан тұнады да!- деп жекиді Тезек.
Сонда Кебекбай:
- Олай болса, төрелігіңе құлдық , елдің төресі бола тұрып алдымен ұрлықты өзің жасайсың. Елде ұрлық- қарлық тыйылсын десең , алдымен жазаны өзіңнен бастау керек,- деген екен.
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ (Алла оны рақымына бөлесін) "АҚИҚАТТАН АТТАУҒА БОЛМАЙДЫ"кітабынан.
625 viewsedited  06:17
Ашу / Түсініктеме